2023 жылдың 25-27 қыркүйегі аралығында Астана қаласында алғаш рет «ИННОПРОМ. ҚАЗАҚСТАН» Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі ұйымдастырды.

ИННОПРОМ.ҚАЗАҚСТАН іскерлік бағдарламасының негізгі іс-шарасы Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшылары қатысқан «Жаңа заманның өнеркәсіптік стратегиялары» басты пленарлық сессиясы болды.

Сондай-ақ, INNOPROM.QAZAQSTAN барысында өнеркәсіпті цифрландыру, машина жасау саласында кооперация, ірі қалаларға арналған технологиялар, энергетикаға арналған технологиялар және халықаралық ынтымақтастық тақырыптары бойынша бірқатар мамандандырылған сессиялар өтті. Қатысушы елдердің компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.