Тел: +7 (7132) 74-48-03(көп арналы)
Факс 8 (7132) 74-48-31

You are here

АРБЗ «Металлургтер күнін» мерекеледі

«Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС «Green Land» демалыс базасында -  «Металлургтер күні» кәсіби мерекесін атап өтті.   

Салтанатты шараға «АРБЗ» ЖШС-нің 500-ден астам қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қатысты. Мереке аясында үздік қызметкерлерге тиімді еңбегі мен Кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табыс етілді.

Кәсіподақ комитеті Кәсіпорынның қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері үшін спорттық жарыстар және көңілді сайыстар қамтитын ойын-сауық бағдарлама дайындады. Металлургтер күні мерекесінде еңбек әріптестерінің қатысуымен өткен мерекелік концерт ұжымға ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, мереке қарсаңында ұйымдастырылған және өткізілген спорттық іс-шаралардың қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздарға алдағы уақытта жеңістер тілеп, ақшалай сыйлықтар мен жүлделер табыс етілді.

Металлургтер мерекесі ойдағыдай жақсы өтті. Мерекеге қатысушылар демалыс базасының жағажайында әріптестерімен еркін жақынырақ сөйлесуге, демалуға мүмкіндік алды.