Тел: +7 (7132) 74-48-03(көп арналы)
Факс 8 (7132) 74-48-31

You are here

ARBZ ЖШС балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру

Көңілді демалыс

Жаз – нағыз демалыс мезгілі. Ақтөбе облысының балалар сауықтыру лагерлері қалыптасқан дәстүр бойынша балаларға көңілді және қызықты демалыс ұйымдастыру үшін өз есіктерін айқара ашты, және ең бастысы олар денсаулық нығайтуға бағытталған. «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС қызметкерлерінің балалары да бұл шарадан тыс қалмады. Кәсіпорынның, кәсіподақ ұйымының және «АРБЗ» ЖШС қызметкерлерінің қаржылық қолдауымен балалар демалысы ұйымдастырылуда. 7-14 жас аралығындағы балалар үшін «Әсем» сауықтыру лагеріне екі апталық төрт маусымға 120 астам жолдама алынды, бұл лагерь қаламыздың экологиялық таза ауданында орналасқан. Бұл жерде балалар денсаулығын нығайтып, иммунитетін күшейтіп қана қоймай, қажетті білім-ілім алып, басқа балалармен танысады. Лагерь бағдарламасы балалардың шығармашылығын қолдауға, білімге ұмтылысын дамытуға, достық орта құруға, әр баланың мүмкіндіктерін ашуға бағытталған.

Бағдарламада күнделікті емдік процедуралар мен оқыту ғана емес, сонымен қатар жаттығу, массаж, өзенге шомылу, күн және ауа ванналары, түрлі шығармашылық және спорт секциялары да кіреді. Балаларға бес мезгіл алуан түрлі тағам беріледі. Осы ретте айта кететін жайт, ата-аналар жолдаманың тек 10% төлейді, ал қалған шығындарды, оның ішінде лагерьге бару және кейін қайту шығындарын «АРБЗ» ЖШС және кәсіподақ ұйымы өз есебінен ұйымдастырады.

Балалар демалысын ұйымдастыру «АРБЗ» ЖШС үшін қызметкерлер арасында жоғары сұранысқа ие, әлеуметтік қолдаулардың маңызды шарасы. Сондықтан бұл кәсіпорында жақсы дәстүр ретінде қалыптасады.