Тел: +7 (7132) 74-48-03(көп арналы)
Факс 8 (7132) 74-48-31

You are here

Кәсіподақ

«АРБЗ» ЖШС Кәсіподақ комитеті жыл сайын жылдық іс-шаралар жоспарын бекітеді. Жылдық жоспар шеңберінде келісім-шарттар жасалды және апта сайын қызметкерлер бассейнге, гидроаэробика, футбол және волейбол бойынша үйірмелерге баруға мүмкіндігі бар. Спорт залдарын жалға алу Кәсіподақ есебінен жүргізіледі. Жылына екі рет әр түрлі спорт түрлері бойынша спартакиадалар ұйымдастырылып тұрады.

Кәсіби мереке – Металлургтер күнін мерекелеу «Солнечный» Демалыс Базасы аумағында өткізілді, онда спартакиаданың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарға сыйлықтар мен марапаттар табыс етілді. Іс-шара қызметкерлер мен олардың отбасы үшін ұйымдастырылып, балаларға түрлі ойындар мен сыйлықтар дайындалды.

«АРБЗ» ЖШС Кәсіподақ комитеті зауыттың белсенді жастарын барынша қолдайды. Зауыттың жас мамандары Қазақстан аумағында өткізілген Марафондарға бірнеше рет қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті.

ЖАҢАЛЫҚТАР