Тел: +7 (7132) 74-48-03(көп арналы)
Факс 8 (7132) 74-48-31

You are here

Рельстер - «ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»!!!

"Жергілікті қамтуды ұлғайту
Үкімет үшін басты
міндет болуы тиіс»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев.

2015 жылдың 11 ақпанында ұлттық экономиканы қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев отандық өндірушілерді қолдаудың «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын енгізуді ұсынды, оның мақсаты Қазақстан азаматтарының отандық тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қызығушылығы мен сенімін арттыру, шығарылатын тауарлардың санын көбейту және ол туралы халық тарасында насихаттау болып табылады.

Осы мақсатта «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі құрылды.

Отандық брендтердің танымалдылығын арттыру үшін «Қазақстанда жасалған» логотипі бекітілді, ол Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды тануға бағытталған болатын.
Бірлестік қатысушылары тек қана отандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің өндірушілері, олар ұжымдық тауарлық белгіні «Қазақстанда жасалған» ұжымдық тауарлық белгісінің жарғысында белгіленген өнімді өндірудің жалпы сипаттамаларына қойылатын талаптарға сәйкес пайдаланылады.

2018 жылдың 15 наурызында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-гі «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі» мүшесі ретінде қабылданды, бұл компания қызметі аясында «Қазақстанда жасалған» ұжымдық тауарлық белгісін қолдану құқығын береді.