Тел: +7 (7132) 74-48-03(көп арналы)
Факс 8 (7132) 74-48-31

You are here

Жаңалықтар

2018 жылы 13-16 қараша аралығында Мәскеу қаласында ВДНХ көрмесінде «Металл-экспо 2018» 24-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтті, аталған көрмеге 32 мемлекеттен 550 астам компаниялар қатысты. Төрт күн ішінде «Металл-экспо 2018»  металл нарығына қатысушылар мен олардың клиенттері арасында іскерлік кездесулер мен келіссөздер жүргізілді, оның барысында іскерлік коммуникациялардың барлық мүдделі тараптары өз мәселелерін шеше алды, ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды, перспективтік келісім-шарттарға қол қойылды. Көрме барысында металлургтер мен құрылыс индустриясы, машина жасау, отын-энергетикалық кешен, көліктік және логистикалық, металл сауда компанияларынан металл өнімдерін тұтынушылар үшін Мәскеу тартылыс орталығына айналды. «Металл-экспо 2018» көрмесіне 30 мыңнан астам адам қатысты. «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС сондай-ақ «Металл-экспо 2018» көрмесіне қатысты және компания өнімдерін алға жылжыту үшін өз көрме стендін дайындады. Бұл стендті көптеген металл сауда компанияларының өкілдері көріп, алдағы уақытта рельс өнімдерін тұтынушыларымен бірге ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Жиналыста өткен жылдың қорытындысы шығарылып, слайд дайындалды және 2013 жылдан бастап кәсіпорында еңбек ететін барлық қызметкерлерге алғыс білдірді. Жиналыстың екінші бөлімінде өндіріс озаттарын салтанатты түрде марапаттап, зауыттың ақсақалы – Мәрс Тұрғалиұлы Өтегеновті құрметті демалысқа шығарып салды. Марс Тұрғалиұлы – зауыттың бірінші зейнеткері. Жиналыстың қорытынды бөлімінде «АРБЗ» ЖШС қызметкерлері арасында спартакиада жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінші орынды РАЦ №2 бригадасы, жарыстың екі түрі – футбол және волейбол бойынша екі жүлделі 1 орынды жеңіп алды.
«АРБЗ» ЖШС Кәсіподақ комитеті 2018 жылдың 23 желтоқсанында Ғ. Жұбанова атындағы Облыстық филармония Өнер Орталығында қызметкерлердің балаларына ұйымдастырылған жаңа жылдық ертеңгілік өткізді. Ертеңгілікке 14 жасқа дейінгі 600-ден астам бала қатысты. Балалар үшін «Золушка» атты костюмдік ертегі және одан әрі сүйікті балалар кейіпкерлерінің қатысуымен жаңа жылдық хоровод ұсынылды. Барлық балаларға Аяз Атада мерекелік көңіл-күй мен тәттілер сыйлады. Осы шараның алдында  зауыт қызметкерлеріне «АРБЗ» ЖШС әкімшілігінен балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.  
Ақтөбе облысында дәстүр бойынша ірі және орта кәсіпорындар өткен жылы облыс басшылығы мен кәсіподақтардың қатысуымен өндірістік бағдарламаларды, ұжымдық шарттар мен меморандумдарды орындау туралы қызметкерлер алдында есеп беру кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бейсенбіде 17 қаңтар күні аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе рельс – арқалық зауыты» ЖШС (әрі қарай мәтін бойынша – «АРБЗ» ЖШС) басшылығымен және еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кәсіпорын Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында салынған инновациялық жоба болып табылады. Мұнда 800-ден астам адам еңбек етеді. Зауыттың Кәсіподақ бірлестігі тек өткен жылы ғана құрылды. Кездесу барысында зауыттың барлық қызметкерлері сұрақтар қойды. Оларды қоғамдық көлік жұмысы және балабақшалардың жұмыс кестесін қайта қарау мүмкіндігі қызықтырды. «АРБЗ» ЖШС ұжымымен кездесу Меморандумға қол қоюмен аяқталды. Өңір басшысы «АРБЗ» ЖШС-нің өндірістік ұжымын Ақтөбенің 150 жылдығына орай өз қаласын дамытуға үлес қосуға шақырды: «Бұл мерейтойға қаланың әрбір тұрғыны қатысуы керек. Әр адам туған өлкенің дамуына үлес қосуға міндетті. Жеке аулалық аумақтарды абаттандыруға және көгалдандыруға болады», - деп ол атап өтті. 2018 жылы Ақтөбе облысы бойынша өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша 4781 меморандум жасалды. Оларды іске асыру нәтижесінде өткен жылы облыстың 591 кәсіпорнында еңбекақы көтерілді. Еңбекке ақы төлеудің өсуі негізінен өндірістік персоналға қатысты болды. Мысалы, 2018 жылдың қаңтарынан бастап «АРБЗ» ЖШС қызметкерлерінің жалақысы 10% - ға артты.   Источник
8 наурыз - бұл шын мәнінде бүкілхалықтық сүйікті мереке. Бұл мерекеде құттықтау,  гүл шоқтарын сыйлау - сүйкімді, әдемі әйелдерге арналады. Бұл көктем күні махаббат, нәзіктік және жылулықпен бағаланды. 7 наурызда Ақтөбе рельс-арқалық зауытының барлық әйелдер ұжымы жағымды тосын сый күтті: зауыттың ер азаматтары әдемі әйелдерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады, зауыт басшылары құттықтау сөздерін жолдады, әр түрлі көңілді номинациялар бойынша сый-сияпат жасалды. Ханымдар көптеген жағымды, жылы сөздер мен қошеметтерге бөленіп, іс-шара соңында аяулы ханымдарды сыйлықтар мен гүлдермен қуантты.

ЖАҢАЛЫҚТАР