ЖАҢАЛЫҚТАР

You are here

Қызыметтер

«АРБЗ» ЖШС өнімі Орталық зауыттық зертханада (ОЗЗ) сыналудан өтеді.

ОЗЗ Қазақстан Республикасында СТ ҚР ИСО/МЭК «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар) талаптары сәйкестікке аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген.

ОЗЗ Кеден одағының техникалық регламенттері бойынша сынау зертханаларының Бірыңғай тізіліміне енгізілген.

ОЗЗ ILAC MRA Біріктірілген Зертханалық Белгісін пайдалануға құқылы, бұл осы ассоциацияның 75 еуропалық елдерінде сынау нәтижелері мақұлдануын қамтамасыз етеді.

Орталық зауыттық зертхана құрамына кіреді:

  • химиялық талдау зертханасы;
  • физикалық-механикалық сынаулар зертханасы;
  • металл тану зертханасы;
  • бүлдірмей бақылау зертханасы.

«АРБЗ» ЖШС Орталық зауыттық зертханасы Кедендік одақтың Бірыңғай сынау зертханалары тізіліміне кіреді.

ОЗЗ көрсететін қызметтердің түрлері:

1) Болаттың химиялық құрамы:

  • химиялық элементтердің салмақтық үлесі;
  • болаттағы газдардың салмақтық үлесі;

2) Макроқұрылымды талдау:

  • рельстерде флокендер болмауын бақылау;
  • ішкі ақауларды және макроқұрылым ақауларын бақылау;

3) Микроқұрылымды талдау:

  • металлдың микроқұрылымы;
  • бейметалл қоспалармен ластануы;
  • көміртексіздендірілген қабаттың тереңдігі;
  • улау әдісімен дәнді анықтау;

4) Физикалық-механикалық сынаулар:

  • созылуға сынау;
  • болаттың соқпалы тұтқырлығы;
  • қаттылық;
  • коперлік төзімділік;
  • рельстердің мойнындағы қалдық кернеу;
  • рельстерді пайдалану сенімділігі;

5) Ультрадыбыстық бақылау;

6) Ультрадыбыстық бақылау (ЭМА);

7) Иірім токты бақылау;

8) Көлденең қиманың өлшемдерін және пішіндерін бақылау;

9) Түзулігін бақылау;

10) Қалдық магниттік индукцияны бақылау.

«АРБЗ» ЖШС қызметтерін сатып алуға қызығушылық танытсаңыз сұраныстарды келесі мекен-жайы бойынша жолдауды сұраймыз: tt2012roll@gmail.com.