Тел: +7 (7132) 74-48-03(көп арналы)
Факс 8 (7132) 74-48-31

Компания туралы

«Ақтөбе рельс–арқалық зауыты» ЖШС - Қазақстандағы жоғары сапалы термоберіктелген рельс және орташа пішінді илек өндіретін бірегей кәсіпорын. Әлемге танылған «Siemens-VAI» (Primetals Technologies Italy S.R.L.) илемдік орнағы және итальяндық компанияның мамандары тарапынан илеу технологиясын бақылау халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін шығарылатын өнімнің жоғары сапасына, бәсекелестік қабілетіне кепілдік береді. Өндірісте металды шыңдаудың бірегей технологиясы қолданылады, осыған байланысты тозуға төзімділігі жоғары.

«АРБЗ» ЖШС  жобалық қуаты 430 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 200 мың тонна рельс және 230 мың тонна пішінді илек, бұл мемлекеттің ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету және экспорттық жеткізілімдерді жүзеге асыру үшін жеткілікті. Ақтөбе рельс-арқалық зауыты әлемдегі үшінші (Австрия, Қытай) және Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ұзындығы 120 метрге дейін жоғары жаңа буын рельстерін шығаратын жалғыз зауыт болып табылады.

«АРБЗ» ЖШС 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасына (екінші бесжылдық) сай әзірленген, біздің республика үшін стратегиялық маңызы бар Қазақстан Республикасының индустрияландыру Картасы шеңберінде салынған ең ірі инновациялық кәсіпорындардың бірі деп батыл айтуға болады.

2015 жылы зауытта зауыттың өз электр қуатын тұтынуын қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін қуаты 38,9 мвт газ-поршеньді электр станциясы, сондай-ақ рельс және пішінді илек сапасын бағалау жөніндегі орталық зауыт зертханасы (ОЗЗ) іске қосылды. ОЗЗ Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарына сай «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» бойынша  аккредиттелген.

ОЗЗ техникалық регламенттер бойынша Кеден одағының сынақ зертханаларының біріңғай тізіліміне енгізілген және сынақ нәтижелерін халықаралық тануды қамтамасыз ететін ILAC MRA зертханалық бірлескен белгісін қолдану құқығына ие болды.

Қазіргі таңда «АРБЗ»  аумағы 78,858 га алып жатыр, онда жалпы аумағы 81 580,40 ш. м. өндірістік және қосалқы құрылыстар орналасқан.

Ақтөбеде шығарылған рельстер «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, отандық рельстер «Алматы-Шу» темір жолының, «Құрық» теңіз портының және Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалының құрылысында пайдаланылды.

Көптеген сарапшылар «АРБЗ» ЖШС шығаратын өнім бүгінгі таңда әлемдегі ең үздіктердің бірі болып табылатындығын растады, бірақ кәсіпорын қол жеткізген жетістіктермен тоқтамайды және шығарылатын өнімнің сапасын одан әрі жақсартуға, сұрапталымды кеңейтуге бағытталған және жылдың соңына дейін жаңа өнім түрлерін өндіруді игеруге ниетті.

Кәсіпорынның стратегиялық мақсаты - тұтынушылардың сұраныстары мен талаптарын қанағаттандыру үшін сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығару, акционерлер мен басқа да мүдделі тараптардың мүдделерін ескере отырып, кәсіпорын қызметінің пайдасы мен тиімділігін арттыру, шығарылатын өнімнің сапасы, экология, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы металлургиялық кәсіпорындардың қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамалық актілердің, нормативтік талаптардың, халықаралық келісімдердің талаптарын сақтау.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сертификаттар