ЖАҢАЛЫҚТАР

You are here

ӨНДІРІС

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС – бұл Қазақстандағы дифференциалды беріктелген жоғары сапалы рельстер және орта пішінді илек шығаратын бірегей кәсіпорын.

Әлемдің атағы бар «Primetals Technologies Italy S.r.l. (Siemens-VAI)» илек орнағы және италиялық компания мамандары тарапынан илек технологиясының бақылануы халықаралық стандарттарға сәйкес келетін өнімнің жоғары сапасы мен бәсеке қабілеттілігі кепілі.

Зауыт ұзындығы 120 метрге дейін жоғары сапалы термоберіктелген рельстер шығарумен ерекшеленеді, бұл рельстер жоғары жылдамдықты қозғалыс желілерінде және жүктелімі аса жоғары желілерде қолданылуға қолайлы. Ұзындығының ұзаруы жалғастырушы жіктердің санын азайтады, бұл өз кезегінде қауіпсіздікті арттырады және қозғалмалы құрамның рұқсат етілген жылдамдығын өсіруге ықпал етеді. Бұл беріктігі жоғары болатын жаңа рельс түрі.

Ұзынырақ рельстерді және рельстік дәнекерлеу сабақтарын қолдану нәтижесінде пойыздар қозғалысының кедергісі төмендейді, қозғалмалы құрамның тозуы азаяды және жол күтіміне шығындар төмендейді. Осы ретте жалғамалар жоқ жолға көшкен жағдайдағы пойыздар қозғалысының кедергісі 5-7 % азаяды, жалғама жіктерінің болмауы есебінен бір шақырым жолдан төрт тоннадай металл үнемделеді.

Металлды шынықтырудың бірегей технологиясы қолданылады, тозу төзімділігі артқан. Өнім халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Өндірістің басты параметрлері

Әмбебап клеттердің қолданылуы мыналарды қамтамасыз етеді:

  • рельсті көлденең оське қатысты симметриялықпен дайындау сырғанату бетінің профилі номиналдық өлшемнен ауытқуы минималды болуына септік етеді;
  • рельс профилі төрт білікпенің көмегімен түгелдей бір мезгілде тегіс деформацияланады;
  • рельстің сырғанату басының беті тіке қысыммен қысылады;

Рельс басының ені және табаны тік білікпелермен шектеледі.

Нәтижесі:

  • механикалық қасиеттері жоғары ұсақ дән тектес құрылым;
  • жоғары сапалы беті;
  • профильді дайындаудың жоғары дәлдігі және рельс түзулігі;
  • минималды қалдық кернеулер.

Илеу технологиясы заманауи және ҚР ұлттық талаптарына сәйкес рельс дайындау дәлдігі бойынша кез келген қатаң рұқсатты шектерді қамтамасыз етеді.

Зауыт стратегиясында өніміміздің САПАСЫНА және кеңінен қолданылуына басты мән берілген.