ЖАҢАЛЫҚТАР

You are here

Экология

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС – бұл Қазақстан Республикасының экономикасына «жасыл» инвестиция. Біздің зауытта Қазақстандағы алғашқы ағын сусыз өнеркәсіптік өндіріс технологиясы ұйымдастырылды. Қайтарма сумен қамтудың үрлеу сулары қосымша тазартудан өткен соң өндіріске қайта жіберіледі. Су дайындау қондырғылары құрылыстарындағы тұзды сулар вакуумдық-булау қондырғыларында құрғақ қалдық күйіне дейін кәдеге жаратылады. Конденсат (су) өндіріске қайта жіберіледі. Ағын сусыз өндірістің инновациялық технологиясын ендіру арқылы қоршаған ортаның өндірістік ағынды сулармен ластануын азайтуға мүмкіндік береді, сонымен қатар зауыт қажеттіліктері үшін судың тұтынуын жылына шартты түрде 330 048 м3 көлемінде едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде Ақтөбе облысының өнеркәсібін дамытуға жұмсалатын су қорын үнемдеуді мүмкін етеді.

2016 жылы кәсіпорында ИСО 14001:2004 «Экологиялық менеджмент жүйесі» стандарты табысты енгізілді. Оның негізгі мәні қоршаған ортаны қорғау шараларын қолдау, оның ластану тәуекелдерін азайту, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктермен арадағы теңдікті сақтау.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-де әрекет етуші экологиялық менеджмент жүйесінің ажырамас бөлігі – ол кәсіпорынның қызметі барысында туындайтын экологиялық аспектілерді анықтап білу. Экологиялық аспектілерді бірінен соң бірін және жүйелі негізде ұйымның ішкі процестеріне ілестіру компанияның Экологиялық менеджмент жүйесін (ЭМЖ) тиімді құрастырудың негізі болып табылады. Бұл жүйе қоршаған ортаға қатысты саналы қарым-қатынас көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның шығындарды оңтайландыру, әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, бәсекелестері алдында артықшылықтарға ие болуы мансабын көздейді.

Компанияда өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы әзірленді, соған сәйкес қоршаған ортаға тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Мониторинг нәтижесінде ластаушы заттардың ШРК асыру жайттары болған емес. Сонымен қатар кәсіпорында бекітілген жоспарға сай экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жоспарланған шаралар жүзеге асырылуда. Кәсіпорын аймағын абаттандыру және көгалдандыру шаралары үнемі жүргізіліп келеді.