ЖАҢАЛЫҚТАР

You are here

ИМЖ

Нарықтық жағдайлардағы кәсіпорындарды бәсекеге қабілеттілік күресі – бұл нормативтік құжаттамалардың талаптарына толықтай сай келетіндей және тұтынушылардың ағымдық және келешек сұраныстарын қамтамасыз ететіндей сапалы өнім шығаруға бағытталған қолданыстағы сапа жүйелерінің күресі.

Осыған байланысты «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-де 2014 жылы ҚР СТ ИСО 9001 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» ұлттық стандартына сәйкестігі «Астаналық сапа және метрология орталығы» ЖШС-нің, Астана қ. сертификаттау органынан берілген сәйкестік сертификатымен және ISO 9001 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» халықаралық стандартына сәйкестігі «ТЮВ ЗЮД РУС» ЖШҚ, Мәскеу қ. сертификаттау органынан берілген сәйкестік сертификатымен расталған теміржол рельстері және пішінді илек өндірісінің сапа менеджменті жүйесі әзірленді, құжатталды, енгізілді және жұмыстық күйінде жүргізіліп келеді.

2015 жылдың қаңтар айында ҚР СТ ИСО 14001 «Экологиялық менеджмент жүйесі. Талаптар және қолданылуы бойынша нұсқаулық», ҚР СТ OHSAS 18001 «Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі. Талаптар», ISO 14001 «Экологиялық менеджмент жүйесі. Талаптар және қолданылуы бойынша нұсқаулық», OHSAS 18001 «Денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі. Талаптар» ұлттық және халықаралық стандарттар енгізу жұмысы басталды.

Интеграцияланған менеджмент жүйесін (әрі қарай – ИМЖ) әзірлеу және енгізу үшін Бас директордың бұйрығымен Сапа бойынша кеңес құрылды және бекітілді, Сапа бойынша басшылық өкілі және Қауіпсіздік техникасы, экология бойынша басшылық өкілі тағайындалды, қызмет бағыттары бойынша құрылымдық бөлімшелер басшылары құрамынан жұмыстық топтар ұйымдастырылды.

Жоғары басшылық сапа, экология, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы кәсіпорын Саясатын және Мақсаттарын айқындады, барлық қажетті құжаттамалы процедуралар, процестер, әдістемелер, нұсқаулықтар, лауазымдық нұсқаулықтар және бөлімшелер туралы ережелер, еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар әзірленді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты:

  • Функционалдық қасиеттерін және олардың сенімділігін қамтамасыз ететін нормативтік құжаттамалар талаптарына сай келетіндей жоғары сапалы өнім шығару.
  • Тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыру.
  • Қазақстан нарығында жетекші болуға және ТМД және алыс шет елдер нарықтарында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін сапа деңгейіне ұмтылу.
  • Басшылық кәсіпорын стратегиясын анықтауы, әр қызметкер Сапа, экология, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы Мақсаттарға және Саясатқа жетуге қатыса алатындай жағдай жасау және оны сақтау.

Сапа, экология, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы мақсаттарға жету үшін Кәсіпорында интеграцияланған менеджмент жүйесін жетілдіру жоспарлануда.

Кәсіпорын қызметі басқарылатын шарттарда жүргізіледі. Кәсіпорынның менеджмент жүйесі өзара байланысты, параллель өтетін процестердің жиынтығы ретінде қызмет етеді.

Кәсіпорында бұрықпен ішкі аудиторлар тағайындалған және кесте бойынша келесілерді растау үшін үнемі аудиттер (тексерулер) жоспарланады және өткізіледі:

  • Нормативтік талаптарға және тұтынушылар талаптарына сәйкес келетін өнім шығару;
  • ИМЖ процестерінің қойылған талаптарға және қолданылуы ретіне сәйкестігін анықтау;
  • ИМЖ жақсарту үшін деректер алу;
  • Өткен тексерулердің нәтижелері бойынша түзетуші және ескертуші іс-шаралардың орындалуын тексеру және тиімділігін бағалау;
  • Енгізілген ИМЖ тиімділігін кәсіпорын мақсаттарына жету тұрғысынан бағалау.

ИМЖ жетілдіру және жақсарту мақсатында басшылық тарапынан талдау жүргізіледі, оның қорытындысы ретінде:

а) кәсіпорынның сапа, экология, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы мақсаттарға жету үшін іс-шаралар әзірлеу;

б) персонал біліктілігін үнемі арттыруды жоспарлау;

в) өнім сапасын арттыруға байланысты іс-шараларды жоспарлау;

г) процестерді жақсартуға байланысты іс-шараларды әзірлеу.

Менеджмент жүйесін енгізу және үнемі жетілдіру өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға септік етеді және кәсіпорын өнімін бәсекеге қабілетті етуге көмектеседі.