Тел: +7 (7132) 74-48-03(көп арналы)
Факс 8 (7132) 74-48-31

You are here

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС Ташкенттегі Сауда-Экономикалық миссияға қатысты.

2021 жылы 14-16 шілде аралығында Өзбекстан Республикасынның Ташкент қаласында Сауда-экономикалық миссия шеңберінде «Орталық және Оңтүстік Азия: аймақтық өзара байланыст. Қиындықтар мен мүмкіндіктер» тақырыбында өтті.

Іс-шараны қазақстандық экспортты қолдау QazTrade операторы мен Өзбекстан Республикасының Экспортты ілгерілету агенттігі ұйымдастырды.

Көрмеге Қазақстан Республикасының 50-ден астам компаниясы қатысты, олардың ішінде «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС болды.

Осы іс-шара аясында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мақсатында өзара тиімді ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Іс-шараның басты мақсаты - тікелей байланыс орнату, өзбек компанияларымен сауда қатынастарын жандандыру, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және дамыту. Келіссөздер Өзбекстан кәсіпкерлерімен B2B кездесулері арқылы жүргізілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР