2021 жылғы 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аталып өтілді. Осы мерекеге орай «АРБЗ» ЖШС басшылығы кәсіподақ комитетімен бірлесіп Кәсіпорын қызметкерлеріне салтанатты іс-шара ұйымдастырды.
Мерекелік іс-шара Бас директор - Валерий Валентинович Обилецтің құттықтау сөзімен басталды. Қызметкерлерге арналған құттықтау сөзінде Валерий Валентинович тәуелсіздік жылдары елімізде тұрақты экономика өрлеу, өндіріс ауқымының өсуін атап өтті.