Қоршаған ортаны қорғау АРБЗ қызметінің және оның тұрақты дамуын басқаруда ажырамас бөлігі болып табылады. АРБЗ қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына, оның ауіпсіздігі мен өмір сүру сапасына әсер еткені үшін өзінің жауапкершілігін мойындайды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өндірістік қызмет орналасқан жерде табиғи ортаны сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық әсерді азайту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Экологиялық менеджмент жүйесі

Қолданыстағы экологиялық менеджмент жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде кәсіпорынның қызметі барысында онда туындайтын экологиялық аспектілерді анықтау болып табылады. Экологиялық аспектілерді ұйымның ішкі процестеріне дәйекті және жүйелі түрде енгізу оның тиімді әрекет етудің негізі болып табылады. Бұл жүйе қоршаған ортаға саналы көзқарастың көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге Кәсіпорын шығындарын оңтайландыруға, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және бәсекелестердің алдында артықшылыққа ие болуға бағытталғанын көрсетеді. Ол үшін АРБЗ шаралар кешенін қабылдайды және экологиялық қауіпсіздік пен Кәсіпорынның тұрақты даму деңгейін үнемі арттыра отырып, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді. Кәсіпорынның өндірістік қызметінің барлық кезеңінде ISO 14001 талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару жүйесі әрекет етеді. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару тәсілдерін жетілдіру бөлігіндегі міндеттемелерді орындау шеңберінде АРБЗ 2016-2017 жылдар кезеңінде қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқарудың кешенді тәсілін қамтитын экологиялық менеджмент жүйесін енгізуді аяқтады.

Экологиялық менеджмент жүйесі ISO 14001:2015 талаптарына сәйкес келеді. АРБЗ 2021 жылы кезекті қайта сертификаттау аудитінен сәтті өтті және TÜV NORD Cert GmbH сертификатын алды.

Атмосфераға шығарылатын шығарындыларға экологиялық мониторинг

Экологиялық мониторингтің басты мақсаты өндірістік қызметтің қоршаған ортаға және АРБЗ-да жұмыс жасап жатқан қызметкерлерге әсерін барынша азайту болып табылады. Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту АРБЗ-ның табиғатты қорғау  қызметінің маңызды аспектісі болып табылады. Кәсіпорын жабдықты штаттық режимде жарамды күйде ұстап тұру үшін қажетті техникалық қызмет көрсетуді үнемі жүргізе отырып, өз өндірісінің ауа сапасына теріс әсерін азайтуға тырысады. АРБЗ-дағы маңыздылардың бірі металлургия саласындағы Siemens VAI Metals Technologies сияқты әлемдік көшбасшылардың илек өндірісі желісіндегі қауіпсіз жұмысы бойынша барлық қажетті талаптарға жауап беретін заманауи жабдықтарын пайдалану болып табылады. Жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес әзірленген өндірістік технологиялық нұсқаулықтар процестер мен басқарылатын жабдықтарды автоматтандыру түрінде басқаруға әкеліп, белгіленген жұмысты қамтамасыз етеді, бұл қоршаған ортаға минималды әсер етеді.

Қалдықтарды басқару

Қалдықтарды басқару – АРБЗ үшін маңызды экологиялық аспектілердің бірі.

Осы процесті сапалы бақылау үшін Кәсіпорын қалдықтарды басқару жүйесін дамытады, қалдықтардың түзілуі мен қозғалысының есебін үнемі жақсартады, өндірістің шикізат қалдықтарын басқару әдістерімен қамтамасыз етеді, бұл олардың түзілуін 99,9%-ға азайтады. Қосалқы жұмыстардан өнеркәсіптік қалдықтарды басқару (қызмет көрсету, жөндеу), өндіріс және тұтыну қалдықтарын осы мақсат үшін арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда уақытша сақтау жүзеге асырылады. Пайда болған қауіпті өндірістік қалдықтар мамандандырылған кәсіпорындарға сақтауға, қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға беріледі. Қауіпті қалдықтардың барлық тізбесіне паспорттар әзірленді. Паспортта қалдық туралы негізгі ақпарат көрсетілген: атауы, қауіпті қасиеттерінің тізімі, құрамы, уыттылығы және қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары.

Су ресурстары

АРБЗ-та табиғи көздерден су алуды азайту үшін жабық су айналымы циклдері қолданылады. Үздік қол жетімді технологиялар қолданылады, атап айтқанда, өнеркәсіптік өндіріс технологиясы. Айналымдағы сумен жабдықтаудың үрлемелі сулары қосымша тазартудан өтеді және өндіріске қайтарылады. Су дайындау қондырғысы құрылыстарының технологиялық сулары вакуумдық-буландыру қондырғыларындағы құрғақ қалдық күйіне дейін кәдеге жаратылады. Конденсат (су) өндіріске қайтарылады. Ағынсыз өндірістің инновациялық технологиясын енгізу өндірістік ағындармен қоршаған ортаның ластануын азайтып қана қоймай, зауыт қажеттіліктері үшін суды тұтынуды жылына шартты түрде таза судың 300 мың м3-ден астам үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бұл өңір өнеркәсібін дамытуға арналған су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Парниктік газдар

АРБЗ климаттың өзгеруі және оның салдарымен күресу бойынша шұғыл шаралар қабылдау үшін тұрақты даму мақсатын қолдайды. Кәсіпорын қызметі барысында қазандық қондырғыларының, қыздыру пештерінің және өзінің электр энергетикалық станциясының (газ генераторлық қондырғының) қажеттіліктері үшін отынды (табиғи газды) тұтынуға байланысты парниктік газдар түзіледі. Парниктік газдар шығарындыларының мониторингі бойынша қызмет тұрақты негізде жүзеге асырылады, объектілерден тікелей шығарындылардың көлемін сандық бағалау түрде жүргізіледі. Парниктік газдар шығарындыларына мониторингті және есепке алуды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі топ жүзеге асырады. Климаттық өзгерістерді төмендету үшін парниктік газдар шығарындыларын азайту қажеттілігі туралы халықтың хабардарлығын арттыру үшін АРБЗ еңбек ұжымдары жыл сайын «Жер сағаты» сияқты халықаралық бастамаларды қолдайды, сондай-ақ проблемаға назар аудару үшін өз іс-шараларын ұйымдастырады, ағаштар отырғызумен және аумақтарды көгалдандырумен айналысады.