Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен металл өңдеумен және металл конструкцияларымен айналысатын металл сатушы компаниялармен кездесу

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-нің (әрі қарай – «АРБЗ» ЖШС) қызметі, технологиясы, өнімі және өндірістік қуаттары туралы ақпаратты бұқараға кеңінен жариялау, 2015-2016 жылдарға металл илегімен жабдықтаудың ұзақ мерзімді шарттарын жасау мақсатында және де Ақтөбе қаласы мен облысының металл өнімдеріне сұранысын анықтау үшін Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен металл сатушы компаниялармен, металл өңдеумен және металл конструкциялармен айналысатын кәсіпорындармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге келесідей компаниялар шақырылды:

  • «Стальной двор – Запад» ЖШС;
  • «ҚазПромКомплекс» ЖШС-нің Ақтөбе қ-дағы филиалы;
  • «Ақтөбе металл конструкциялары зауыты» ЖШС;
  • «LIDER құрылыс-жабдықтау компаниясы» ЖШС;
  • «Каллисто Вест» ЖШС;
  • «Металлсервиз KZ» ЖШС;
  • «Ақтөбе металл конструкциялары» ЖШС;
  • «АқтөбеСтройКонструкция» ЖШС;
  • «Гигатек» ЖШС;
  • «ТрейдИнтерКом» ЖШС;
  • «Нектар» ӨК;
  • «Голубничий А.А.» ЖК;
  • «АЭМК-Жарық» ЖШС;
  • «Актобегражданпроект» ӨК;
  • «Имсталькон-Ақтөбе монтаждау фирмасы» ЖШС.

Шақырылған компанияларға зауыттың салыну тарихы, жобаның артықшылығы, рельстерді өндіру технологиясының, суғару жүйесінің бірегейлілігі, жетістіктеріміз, өндірістік бағдарлама, шығарылатын өнім, ҚР-дағы рельстерді және орта пішінді илекті тұтынудың айқын өсу динамикасы, ЖІӨ өсуі мен ел экономикасының дамуы туралы және т.б. ақпарат берілді.

Кездесу барысында қатысушы компаниялардан металл илегіне қажеттілік туралы ақпарат алынғанын атап көрсеткіміз келеді.

Бұл кездесу «АРБЗ» ЖШС-гі үшін де, қатысушы-компаниялар үшін де табысты өтті.