Ақтөбе облысының экспорттық потенциалы артуда

Ақтөбе облысы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне жалпы $964 млн көлемінде тауар экспорттады. Ол туралы өңірдің сыртқы байланыстар басқармасы хабарлады деп мәлімдейді 24.kz.

Өткен жылдың 10 айы ішіндегі деректер. Экспорттың негізгі үлесі, атап айтқанда 96%, Ресейге жіберілді. Бұл жергілікті кәсіпорындарда шығарылған металлдар, ферроқорытпалар және рельстер.  Екінші топта – мұнай, мұнай өнімдері, хром және мыс рудалары.

Осы жылы экспорт көлемін сиыр еті, шошқа еті, сүт өнімдері секілді тауарлар бойынша көбейтеді. Сапалы азық-түлік көрші елдерде жоғары сұранысқа ие.

Ақтөбе өңірінің өткен жылғы жалпы тауар айналымы 4 млрд доллардан астам болғанын атап өту керек. Тауарлардың негізгі үлесі Қытай, Жапония және Ресейді құрады.

2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда экспорт өсімі 71% құрайды. Осының барлығы Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Ақтөбе рельс-арқалық зауыты секілді кәсіпорындар қызметінің нәтижесі. Олардың өндірісінің өсуі есебінен экспорттың саны да көбейіп отыр – деп атап көрсетті Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы.

Источник