«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС «Белорусская железная дорога» МБ-не рельстердің бірінші партиясын жіберді

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-гі алғаш рет Беларусь магистральді теміржол желісінің ірі операторына рельс өнімін жабдықтауды бастады.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС және «Белорусская железная дорога» МБ арасында жасалған шарт аясында 2018 жылдың 08 маусымында ДТ-350 санатты Р65 типті дифференциалды-термоберіктелген рельстердің бірінші партиясы тиеліп жіберілді, олар Беларусь Республикасында заманауи магистральдер салуға арналған.

«АРБЗ» ЖШС-гі экспорттық әлеуетін дамыту және географиясын кеңейту мақсатында Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа нарықтарына шығуды жоспарлап отыр.

Бүгінгі таңда «АРБЗ» ЖШС-гі рельс өнімдерін Ресей, Украина, Түрменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия елдеріне жабдықтауды жүзеге асыруда.