«АРБЗ» ЖШС «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында «Парыз-2019» арнайы премиясының лауреаты атанды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жыл сайынғы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы өтті. Ағымдағы жылы  конкурсқа қатысуға 446 өтінім келіп түсті, оның ішінде: 141 кәсіпорын – ірі кәсіпкерлік субъектілері, 305 кәсіпорын – шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері. Конкурс қорытындысы бойынша  Республикалық комиссия 25 жеңімпаздарды анықтады.

Аталған конкурс 2008 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді, премия ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады және конкурс 4 номинациясынан тұрады: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы ең үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін».

Айта кету керек, «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС аталған іс-шараға дәстүрлі түрде қатысады және осы жылы ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында лауреат атанып, «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номициясы бойынша «Парыз-2019» мүсіншесімен марапатталды.