Асқар Мамин Ақтөбе облысының кәсіпорындарына сапармен барды

С начала года Жыл басынан бері өңірдегі өнеркәсіптік өнімнің көлемі шамамен 960 млрд теңгені құрадыпромышленной продукции региона составил почти 960 млрд тенге

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Аскар Мамин Ақтөбеге іссапармен келіп, өңірдегі ірі кәсіпорындар жұмысымен танысты деп Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі хабарлайды.

Министрліктердің, ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшыларынан құралған ресми делегация «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-не барды. Бұл Индустрияландыру картасының ең ірі жобаларының бірі. Мүнда жоғары жылдамдықты желілерге және аса ауыр жүктер тасымалдайтын желілерге арналған рельстер шығаруға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар қолданылады. ТМД-де алғаш рет Ақтөбе рельс-арқалық зауытында ұзындығы 120 метр рельстер шығарылуы қолға алынады. 2016 жылдың басынан бастап «АРБЗ» құны 6,1 млрд.теңгеге 32,7 мың тонна рельс өнімін шығарды.

Асқар Маминге шығарылатын өнімнің үлгілері көрсетілді және қыздыру пешінен бастап дайын өнім шыққанға дейінгі технологиялық процеспен таныстырды. Зауыт ішіндегі экскурсия барысында мейманға мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. 2010-2016 жылдар ішінде және 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында құны 523 млрд теңгені құрайтын 83 жоба (оның ішінде 2 жоба Республикалық индустрияландыру картасы шеңберінде) іске қосылды, 7,6 мың тұрақты жұмыс орындары ашылды.

Сонымен қатар, Аскар Мамин «Каспий плюс» өндірістік-өнеркәсіптік кешеніне де барды. Кәсіпорын тау-кен және өндіру өнеркәсібіне арналған түрлі күрделіліктегі заманауи бекіткіш бұйымдарды шығарумен айналысады. Нысан 2015 жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға берілді. Осы жылдың басынан бастап 20 мың данаға жуық бекіткіш бұйымдар шығарылды.

Жалпы алғанда осы жылдың 10 айы ішінде өңірдегі өнеркәсіптік өнімнің көлемі 959,7 млрд теңгені құрады. Оның ішінде өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2015 жылдың сәйкесінше аралығымен салыстырғанда 112,9 % өсті.

Тұрғын үй құрылысының да көлемі артып келеді. Тек осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында жалпы көлемі 460,3 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді, бұл 2015 жылдың осындай аралығымен салыстырғанда 33,9 % артық. Тұрғын үй құрылысын әрі қарай дамыту үшін ағымдағы жылдың тамыз айында қуаты жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй салатын «Үй құрылысы комбинаты» ЖШС-гі ашылды. Жоба мемлекеттік-жеке ынтымақтастық шеңберінде іске асырылды. «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасының аясында кәсіпорынға несие бойынша пайыздық ставка субсидияланып, жетіспей тұрған инфрақұрылым өткізілді.

Аскар Мамин өндірістік желілермен, үй құрылысына арналған панельдер мен конструкциялар шығарудың технологиялық процесімен танысты, ҮҚК және ЖБЖК технологиялары бойынша салынатын тұрғын үйлердің макеттерін қарап шықты, Батыс-2 мөлтек ауданына барып, 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында салынып жатқан үйлердің сапасын бағалады. ТҚЖБ желісі бойынша салынатын 2 және 5 қабатты үйлерден тұратын тұрғын кешенінде 238 пәтер бар. Құрылыс үшін жергілікті құрылыс материалдары пайдаланылды. Сонымен қатар, делегация жаңа көліктік-логистикалық орталыққа және «Шебер» құрылыс гипермаркетіне барды.

Көлік-логистикалық орталық – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы күні – 16 желтоқсанда Ақтөбе ашылатын нысандардың бірі. Орталықтың жобалық қуаты – 15 мың шаршы метр, 250 адам жұмыс орындарымен қамтылады. «А» класының дайын өнімін өткізуге арналған қойма темір жол тармағымен жабдықталған, ол жылына 70 583 тонна жүк қабылдауға және өңдеуге есептелген. Қоймалық терминалдарды қарап тексерген соң және көлік-логистикалық орталықтың даму перспективасымен танысқаннан кейін меймандар құрылыс гипермаркетіне барды, бұл гипермаркет алғаш қонақтарын 1 желтоқсанда қабылдайды. Ауданы 16 мың шаршы метр болатын гипермаркетте 260 адам жұмыс жасайтын болады. Бұл екі жобаға да «Бизнес жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарлама аясында түрлі қолдау көрсетілді.

https://kapital.kz сайтының ақпараты қолданылды.