Біздің рельстеріміз ең жақсы рельстер!

Ақтөбе рельс-арқалық зауыты (АРБЗ) – еліміздің индустрияландыру картасы аясында іске асырылған бірегей жобасы өткен жылы ең үздік болып танылды.

Тарихы

Зауыттың барлық посткеңестің кеңістігінде аналогы жоқ. Мұнда жоғары жылдамдықты темір жол магистральдеріне арналған 120-метрлік рельстерді шығаруға мүмкіндік беретін ең жетілген технологиялар қолданылады. Осы өндіріс іске қосылғаннан Қазақстан іс жүзінде рельс өндірісінің нарығындағы күллі конъюнктураны өзгертті.

ҚР темір жол саласының дамуына стратегиялық мән беріледі. Ішкі нарықты өзінің темір жол рельстерімен және пішінді металл илекпен қамтамасыз ету үшін осындай қуатты жоғары технологиялық өндіріс құрылыс уақытының талабымен түсіндіріледі. Жобаның іске асуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бақылауында болды. Негізгі несиегер «Қазақстанның даму банкі» АҚ, ал акционерлер – «Ремлокомотив» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ) – 30% және «Транспортные технологии» ЖШС – 70%. Инвестиция көлемі 411,9 млн. долларды құрады.

Құрылыс шынымен де бүкілхалықтық болып қалды. АРБЗ тұрғызуға елдің барлық өңірлерінен, сондай-ақ  жақын және алыс шетелден мамандар жұмылдырылды. Құрылыс қарқынды жүріп жатты. Жаңа кәсіпорынның іргетасы 2013 жылы салынды. 2015 жылы зауытта ҚР рельстерді және пішінді илектің сапасын бағалау жөніндегі бірінші сынау зертханасы, сондай-ақ зауыттың өзінің электр қуатындағы қажеттіліктерді толықтай қамтамасыз ету үшін қуаттылығы 38,9 МВТ газпоршеньді электр станциясы сапқа қосылды. Ал жылдың аяғында объектіде негізгі цехты ыстық түрде іске қосылды және іске қосу-реттеу жұмыстары басталды. Белгілі болғандай, осы технологиялық процеске жалпы ұлттық телекөпір барысында еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі старт берді.

АРБЗ белгіленген мерзімдерде қатаң түрде іске қосылды, ал 2016 жылдың басында еліміздің темір жол саласында күткен алғашқы өнімді шығарды. Олар – жоғары жылдамдықты магистральдерге арналған ұзындығы 25 метрден 120 метрге дейінгі рельстер, арқалықтар, швеллерлер және көптеген басқа. 

Өндіріс

Зауыт 76 га. құрайтын ауданда орналасқан. Оның қуаттылығы жылына 430 мың тоннаға дейін жоғары сапалы илекті, оның ішінде 200 мың тонна жоғары жылдамдықты темір жол магистральдеріне арналған 120-метрлік рельстерді, сондай-ақ 230 мың тоннаға дейін пішінді илекті шығаруға есептелген. Бұл көлем Қазақстанның ішкі нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға және кейін сыртқы өткізу нарығына шығуға жеткілікті. Бір сағат ішінде зауыттың конвейерінен сегізге дейін 120-метрлік рельстер шығады. Қарапайым есептеу бойынша бұл сағатына 500 метр темір жол. Жоспар бойынша зауыт жобалық қуаттылыққа 2016 жылдың аяғында шығады. Түпкілікті өнімді суару процесінде қолданылатын технология болаттың кез келген маркаларына бейімделуімен және рельстердің сапасы бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетімен бірегейлі. Ноу-хау поездардың қауіпсіз қозғалыстары бойынша барлық халықаралық талаптарына жауап береді. Яғни Primetals Technologies ItalyS.r.l. (Siemens-VAI) халықаралық атауы бар илемдік орнақ және итальяндық компанияның мамандары тарапынан технологияны бақылау шығарылатын өнімнің жоғары сапасына және бәсеге жарамдылығына кепілдік береді. Ағымдағы жылдың наурыз айында ол барлық ұсынылған талаптарға сәйкестік сертификациядан сәтті өтті. Кәсіпорында интеграцияланған сапа менеджментінің жүйесі енгізілді, 860-тан аса жаңа жұмыс орындары құрылды. Қазіргі таңда осында 750 адам жұмыс істейді. Негізінде, жергілікті кадрлар. Сонымен қатар, ҚР бірқатар металлургиялық кәсіпорындарынан, оның ішінде жақын шетелден – Ресейден, Украинадан мамандар шақырылды. Компания мамандарды таңдауды және Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Қарағанды химиялық-технологиялық жоғары оқу орны негізінде оқытуды жалғастырып жатыр, шетелге оқуға жібереді.

Нарық

Зауытта өнімді өткізуге байланысты мәселе жоқ: «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен жыл сайын 100 мың тонна көлемінде рельстерді жеткізуге он жылдық келісім-шартқа қол қойылды. Пішінді илекті сату бойынша қазақстандық құрылыс компаниялармен келісім-шарттар жасалуда. Сол мезетте Өзбекстанның, Тәжікстанның, Белоруссияның  және Ресейдің нарықтары игерілуде.

Зауыттың өнімі  жоғары жылдамдықты магистральдерде және де қатты климаттық жағдайларда қосарлы қозғалыстың жолдарына есептелген. Пішінді илек құрылыс өнімінің өндірісі үшін шығарылатын болады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның алдындағы шарттық міндеттемелері аясында рельстер енді Алматы-1-Шу желісінің екінші темір жолдарының, «Құрық» портындағы паром кешенінің магистралінің, сонымен қатар Астана қаласының жаңа вокзалдық кешенінің құрылысына жеткізілді. Бұдан басқа, «АРБЗ» ЖШС өнімі өнеркәсіптік мақсаттағы технологиялық темір жолдарының құрылысы кезінде белсенді қолданылады.

Рельстер алғашқы рет компания базысында өткізілген «ҚТЖ» ҰК» АҚ серіктестерінің форумы аясында шыққанын атап өту жөн. Онда «АРБЗ» ЖШС мен Өзбекстанның, Тәжікстанның, Қырғызстанның, Әзербайжанның, Грузияның және Беларусьтың темір жол әкімшіліктері арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Өнімнің сапасын алғашқы болып бағалаған «Узбекистон темир йуллари» АҚ болды. Осы мекенжай бойынша ағымдағы жылдың аяғына дейін Навои – Канимех – Мискен темір жолының құрылысы үшін 15 мың тонна көлемінде Р65 рельстерінің жеткізілуі жоспарлануда. Сонымен қатар, рельстер «УК Металлоинвест» ЖШҚ холдингінің құрамына кіретін Михайловский және Лебединский КБК сияқты тау-кен-металлургиялық кәсіпорындардың мекенжайына жеткізіледі. Қазіргі уақытта Мәскеу метрополитенімен рельстік өнімді жеткізу туралы шарттарды жасау жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, «АРБЗ» ЖШС-нің негізгі әлеуетті клиенттер ретінде Парсы шығанағының, Шығыс Еуропа және Қытай елдері бар. 

Дамуы

Алдағы жылда зауыт пішінді илектің шығарымын реттеуге ниеттеніп жатыр. Сонымен қатар, әлімдік нарыққа шығу және еуропалық стандарттың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін  EN 13674-1:2011 еуропалық стандартқа сәйкес рельстердің 60E1 және 60E2 жаңа түрлерінің өндірісін меңгеру жоспарлануда. Осы типтің өнімі БАЭ сияқты елдерде, Еуропа елдерінде, Африкада қолданылады. Экспорттық қаржыландырудың және несиелендірудің құралдарын жылжыту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл процедураларды Қазақстанның даму банкінің және «КазЭкспорт­Гарант» АҚ-ның көмегімен жүзеге асыру жоспарлануда. «KAZNEX INVEST» АҚ жәрдем көрсетуімен компания өкілдері сауда миссияларға және халықаралық металлургиялық көрмелерге белсенді қатысады. Кірме және технологиялық жолдардың құрылысына арналған РП65 рельстерін алға жылжыту мақсатында, отандық рельстерді пайдалану жөніндегі қазақстандық және шетел жобалық институттарымен ынтымақтастық реттеліп жатыр.

Қазіргі таңда осында металлургиялық кластерді құру тұжырымдамасы әзірленіп, сонымен қатар өзіндік болат балқыту өндірісін құру жоспарланып жатыр.