ХШЖК металлургтердің басты форумы «Металл-Экспо’2017» өтті

2017 жылдың 14-17 қарашасы аралығында ХШЖК 75-ші павильонында 23-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі «Металл-Экспо’2017» өтті. 35 елден қатысқан 530 компания қара және түсті металлургияның алуан түрлі өнімдерін, заманауи жабдықтарды, технологиялар мен инновациялық шешімдерді таныстырды. Осы жылы көрме жұмысына 30 000 жуық маман қатысты.

«Металл-Экспо’2017» дәстүрлі түрде жетекші металлургиялық компаниялар, құбырлық және метиздік зауыттар, түсті металлдарды өңдеу кәсіпорындар, алюминий илегі мен қорытпаларының өндірушілері, құрылысшылар, мұнай, газ және машина жасаушы компания өкілдерін бір алаңда біріктірді.

Ресейлік компаниялар алуан көлемді экспозициялармен таныстырды:

«Металлоинвест» БК» ЖШҚ, Құбырлық металлургиялық компания, «Северсталь» ӨАҚ, Өнеркәсіптік-металлургиялық холдинг, Орал тау кен-металлургиялық компаниясы және тағы басқалар.

Сонымен қатар көрмеге алыс және жақын шет елдерден 250 астам компания қатысты, олардың ішінде «АҚТӨБЕ РЕЛЬС-АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС ерекше орында тұр, бұл – РЕЛЬСТЕР ЖӘНЕ ПІШІНДІ ИЛЕК шығарумен айналысатын жас, ТМД аумағындағы ең заманауи және перспективтік кәсіпорындардың бірі.

«АҚТӨБЕ РЕЛЬС-АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС  экспозициясы, сонымен қатар жоғары сапалы өнім шығарудағы жетістіктер жыл сайын көрме қатысушылары мен қонақтарының ерекше назарына ие.

«МЕТАЛЛ-ЭКСПО» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІК КӨРМЕСІНІҢ арқасында «АРБЗ» бренді бүкіл әлемде танымал болып келеді және жаңа ТҰТЫНУШЫЛАР табылуда!