Қазақстан 133 рельстік комиссияны қабылдады

Ақтөбеде жол шаруашылығындағы ежелден келе жатқан және беделі зор шара – 133-ші «Рельстік комиссия» өтті.

Кең ауқымды мәжіліске қазақстандық және ресейлік салалық компаниялардан жүзге жуық басшылар мен жетекші мамандар қатысты.

Темір жол құрылған кезінен бастап және осы күнге дейін сұранысы жоғары көлік саласы. Ол экономиканың локомотиві рөлін атқарып, ондағы түрлі салалардың дамуына септік етіп отырады.

Тұрақтылық кепілі осы саланы барлық қажетті материалдармен уақытылы және толық қамтамасыз ету болып табылады, бүгінде осы қызметті еліміздегі жалғыз рельс-арқалық өнімін шығару зауыты атқарып келеді. Құрылғанына аз болса да, Ақтөбе рельс-арқалық зауыты бүгінде посткеңестік аймақта абыройы асқақтап тұр. Сондықтан осы кең ауқымды шараны өткізу орны ретінде біздің аймақ таңдалды.

Жол шаруашылығындағы инновацияларды талқылау және рельс илегінің сапасын жетілдіру мүмкіндіктерін талдау үшін Ақтөбеге жүзге жуық қазақстандық және ресейлік компания өкілдері жиналды.

Мәжілісті ашу рәсіміне «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Бауыржан Орынбасаров келді. Ол форум қонақтарын жылы лебіздерімен қарсы алып, компания қызметі мен бас серіктес – Ақтөбе рельс-арқалық зауыты туралы мақтанышпен айтып берді. Көптеген қатысушылар кәсіпорын туралы хабардар және әрі қарай ынтымақтастық етуге жігерлі екенін білдірді.

Үш күн ішінде өз тәжірибесінен және соңғы жылдар ішіндегі зерттеулер нәтижелері қамтылған ондаған баяндама оқылды.