Алматы – Шу теміржол желісінің құрылысында алғашқы отандық рельстер салынды

ҚАЗАҚПАРАТ – Бүгін Алматы – Шу теміржол желісінің қарама-қарсы бағытындағы жол бөлігіне Ақтөбе рельс-арқалық зауытында өндірілген отандық рельс-шпалды тордың бірінші буыны салынды.

“Жана жобаны пайдалануға қосқан соң осы жол бөлігінің өтімділігі 3,2 есе артады, жүк пойыздарының өтуі тәулігіне 68 дейін көбейіп, соның нәтижесінде қуат жұмсалуы азаяды”, – деп “Қазақстан Темір Жолы” АҚ-ның президенті Асқар Мамин атап өтті.

“Ақтөбе рельс-арқалық зауыты” ЖШС-нің Бас директоры Андрей Кузьминнің айтуынша кәсіпорын бір жарым айдан бері жұмыс атқаруда, толық қуатына шыққан кезде зауыттан жылына 430 мың тонна өнім шығарылады.

“Біз ҚТЖ-мен 10 жылға келісім-шарт жасадық, бұл болашағымызға нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Шарт шеңберінде осы жылдың өзінде 73 мың тонна рельс жеткізуді жоспарлаймыз. Бүгінгі таңда өнімді көршілес елдерге экспортқа шығару жұмыстары жүргізілуде. Зауыт ұжымы 563 адам, толық қуатына шыққан кезде қызметкерлер саны 860-қа жетеді”, – деді А. Кузьмин.

Қалалар арасындағы ұзындығы 110 шақырымды құрайтын екінші желі құрылысы өткен жылы басталды және Елбасы Н. Назарбаевтың “Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол” жолдауының шеңберінде жүзеге асырылуда. Нысан ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында тапсырылады деп жоспарланып отыр.