Нарықтық жағдайларда кәсіпорындардың бәсекелестік күресі – бұл нормативтік құжаттаманың талаптарына толық жауап беретін және тұтынушылардың ағымдағы және алдағы уақытта сұраныстарын қанағаттандыратын сапалы өнім шығаруға бағытталған қолданыстағы менеджмент жүйелерінің күресі.
Осыған байланысты «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-де ҚР СТ ISO 9001-2016, ҚР СТ ISO 14001-2016, ҚР СТ ISO 45001-2019 ұлттық стандарттарына сәйкестікке интеграцияланған менеджмент жүйесі әзірленген, құжатталған, енгізілген және жұмыс жағдайында ұсталады, бұл «Астаналық сапа және метрология орталығы» ЖШС сертификаттау жөніндегі органы берген сәйкестік сертификаттарымен расталады және теміржол рельстерін және пішінді илекті өндіруге TUV NORD сертификаттау органы берген ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 халықаралық стандарттарына сәйкестікке сертификаттарымен расталады.
Жоғары басшылық Кәсіпорын сапа, экология, еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты сақтау саласындағы саясат пен мақсаттарды айқындады. Барлық қажетті құжатталған процедуралар, процестер, әдістемелер, нұсқаулықтар, лауазымдық нұсқаулықтар және бөлімшелер туралы ережелер, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірленді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі міндеті:
- Функционалдық қасиеттері мен сенімділігін қамтамасыз ететін нормативтік құжаттаманың талаптарына жауап беретін жоғары сапалы өнім шығару.
- Тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандыру.
- Қазақстан нарығында жетекші кәсіпорын болуға және ТМД елдері мен алыс шетел нарығында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін сапа деңгейіне ұмтылу.
- Басшылықтың кәсіпорын стратегиясын айқындауы, сапа, экология, еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау саласындағы мақсаттар мен саясатқа қол жеткізуге әрбір қызметкер тартылатын ортаны құру және оны қолдау.
Кәсіпорын сапа, экология, еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты сақтау саласында қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін интеграцияланған менеджменттің жүйесін дамытуды жоспарлау жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның қызметі басқарылатын жағдайларда жүзеге асырылады. Кәсіпорынныңң интеграцияланған менеджмент жүйесі өзара байланысты, параллель жүретін процестердің жиынтығы ретінде жұмыс істейді.
Кәсіпорында ішкі аудиторлар анықталды және жылдық бағдарламаға сәйкес төмендегідейлерді растау мақсатында үнемі ішкі аудиттер жоспарланады және өткізіледі:
- Нормативтік, заңнамалық талаптарға және тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін өнім өндірісін;
- ИМЖ процестерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін;
- ИМЖ жақсарту үшін деректерді;
- Ішкі және сыртқы аудиттердің нәтижелері бойынша түзетуші іс-әрекеттерінің тиімділігін бағалауды;
- Кәсіпорын мақсаттарына қол жеткізу тұрғысынан енгізілген ИМЖ тиімділігін.
ИМЖ-ін дамыту және жақсарту мақсатында басшылық тарапынан талдау жүргізіледі, оның қорытындысы мыналар болып табылады:
- Кәсіпорын сапа, экология, еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты сақтау саласындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін іс-шаралар әзірлеу;
- персоналдың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды жоспарлау;
- өнім сапасын арттыру бойынша іс-шараларды жоспарлау;
- процестерді жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу.
Интеграцияланған менеджмент жүйесін енгізу және оны үнемі жетілдіру өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға және кәсіпорын өнімдерін бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік берді.