«АҚТӨБЕ РЕЛЬС-АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС «МЕТАЛЛ ЭКСПО-2019» 25-ші халықаралық өнеркәсіптік меретойлық көрмесіне қатысты

2019 жылы 12-15 қараша аралығында Мәскеу қ. «Металл-Экспо 2019» 25-ші Халықаралық өнеркәсіптік меретойлық көрмесі өтті.

Меретойлық көрмеге әлемнің 34 елінен 600 жуық компаниялар қатысты, олардың жиынтық қуаты 300 млн тоннадан астам қара және түсті металдарды құрайды – бұл әлемдік металлургиялық өндірістің 6-шы бөлігі.

«Металл-Экспо» көрмесі беделді халықаралық алаң, бұл жерде технологияларды дамытудың маңызды мәселелері, ең заманауи жабдықтарды көрсету, сондай-ақ жалпы металлургия саласының даму перспективалары талқыланатын 40 астам семинарлар, дөңгелек үстелдер мен кеңестер өтеді.

Көрме қатысушылары – жоғары сапалы металл өнімдерін, технологияларды, құрылыс индустриясы, машина жасау, отын-энергетикалық кешен, металл сауда және көлік-логистикалық компаниялар үшін инновациялық шешімдерді жеткізуге мүдделі отандық және шетелдік өндіріс басшылары мен мамандары.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС дәстүрлі түрде «Металл-Экспо» көрмесіне қатысып келеді, биыл ол қатарынан 6-шы болып есептеледі. «АРБЗ» ЖШС осы іс-шара үшін үнемі бағдарламаны дайындап және жүзеге асырады.

Көптеген кездесулер мен келіссөздер жүргізілді. Талқылау барысында тұрақты байланыстар нығайтылды, сонымен қатар сату нарығын кеңейтуге және жаңа экспорттық деңгейге шығуға мүмкіндік беретін одан әрі ынтымақтастық үшін перспективаларды нығайтуға қабілетті жаңа іскерлік байланыстар орнатылды. «АРБЗ» ЖШС өнімі осы іс-шараға қатысушылардың тарапынан үлкен қызығушылығын тудырды.

«АРБЗ» ЖШС көрме стенді қатысушылар арасында танымал болды. Компания «Метал Экспо-2019» ұйымдастырушыларының атынан «Үздік экспозициясы үшін» кубогымен марапатталды.