«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС «Металл-Экспо 2021» 27-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты

2021 жылғы 11-13 қараша аралығында Ресей астанасы Мәскеу қаласында ЭКСПОЦЕНТР Орталық көрме орталығында металлургия саласындағы ең маңызды және ауқымды іс-шаралардың бірі – «Металл-Экспо 2021» 27-ші Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтті.

COVID-19-ға байланысты енгізілген шектеулерге, сонымен қатар QR-кодтарын пайдалану арқылы көрмеге бару талаптарына қарамастан, форумның іскерлік белсенділігін атап өтуге болады. Металлургтер мен тұтынушылар бетпе-бет кездесті.

Көрмеде қара және түсті металлургия өнімдерінің, заманауи жабдықтар мен технологиялардың алуан түрлілігі ұсынылды. «Металл-Экспо» металлургия, құрылыс индустриясы, машина жасау көшбасшыларын біріктіреді.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС көрме барысында металл нарығының негізгі қатысушыларынан қызығушылық, ұсыныстар мен тілектер қабылдау түрінде кері байланыс алды. Компания өкілдеріне зауыттың толық презентациясын көрсету және серіктестік қарым-қатынас орнату арқылы кездесулер өткізілді.

Аталған көрмеге қатысу аясында «АРБЗ» ЖШС Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан, Грузия, Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Украина, Словакия және Балтық жағалауы елдерінің металл сатушы компанияларымен Қазақстанның жоғарыда аталған елдермен ынтымақтастықты мен тауар айналымын (рельс пен пішінді илекті сату) кеңейтуге қатысты іскерлік және мазмұнды келіссөздер жүргізді.