АРБЗ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шараны өткізді

Қазақстан Республикасы 2019 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күнінің 28-жылдығын атап өтті. Осы мерекеге орай «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС өз кәсіпорын қызметкерлеріне арналған мерекелік іс-шараны ұйымдастырды. Іс-шара зауыт қызметкерлері орындаған халық би мен әндерімен ашылды.

Іс-шарада салтанатты түрде жыл қорытындысы шығарылып, зауыттың барлық қызметкелері мерекемін құттықталды, олардың ішінде үздіктері мақтау қағаздарымен марапатталды. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қайырымдылық жобасы аясында стажировкадан өтіп жатқан студенттерге құттықтау сертификаттары табысталды.

Биылғы жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі – Бас директордың жалпы мәселелер бойынша орынбасары Марат Ядыкарович Ибрагимовке III дәрежелі «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» төсбелгісін табыстады.

Дәстүрлі түрде «АРБЗ» ЖШС Кәсіподақ комитеті Тәуелсіздік күніне орай зауыт қызметкерлері арасында келесідей спорт түрлері бойынша спартакиада өткізеді: футбол, волейбол, үстел теннисі, жүзу және шахмат. Аталған іс-шарада спартакиаданың жеңімпаздары марапатталды.