Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің экономика министрлерінің 10-шы кездесуі аясында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесіне инвестициялық үлес қосқаны үшін Түркі кеңесінің бизнес-сыйлығы номинациясында марапатқа

10 қыркүйекте Бакуде Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (ТМЫК) экономика министрлерінің 10-шы отырысы өтті. Іс-шараға Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Өмірзақов, Түркия Республикасының сауда министрі М. Муш, Әзербайжан Республикасының Экономика министрі М. Джаббаров, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі А. Ирғалиев, Қырғыз Республикасының Экономика және сауда министрі Д. Амангелдиев қатысты.

Кездесу барысында Түркі кеңесіне мүше елдер үкіметтерінің өкілдері көпжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары және түркітілдес елдер арасындағы көпжоспарлы қатынастарды нығайту жөніндегі алдағы қадамдар туралы пікір алмасты. Сауданы, инвестицияларды, өнеркәсіпті, көлік байланыстарын дамыту, электрондық сауда мен цифрлық технологияларды кеңінен енгізу, бизнес мүмкіндіктері мен өңірлік ынтымақтастықты пайдалану мәселелерін көрсететін ортақ пайым негізінде таяу және орта мерзімді перспективаға арналған экономикалық ынтымақтастық стратегиясын әзірлеу қажеттігі атап өтілді.

Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің экономика министрлерінің 10-шы кездесуі аясында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесіне инвестициялық үлес қосқаны үшін Түркі кеңесінің бизнес-сыйлығы номинациясында марапатқа ие болды.  Ақтөбе рельс-арқалық зауытына марапатты Қазақстан Республикасының – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов табыс етті.