Бас директордың ұжымды Жаңа жыл мейрамымен құттықтау сөздері!

Міне, 2024 жылдың аяқталуына аз уақыт қалды. Осы жыл АҚТӨБЕ РЕЛЬС-АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫ үшін трансформация мен өсудің нақты кезеңі болды. Біз бірге кез келген қиындықтарға қарамастан ең жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынымызды дәлелдедік. 2024 жылы қол жеткізген барлық жетістіктеріміз – біздің ортақ жеңісіміз! Бұл жеңістер біздің жоғары кәсіпқойлығымыздың, жоғары нәтижелер мен кемелдікке ұмтылуымыздың жарқын дәлелі болып табылады.
2024 жылы біз өндіріс бойынша рекордтық көрсеткіштерді белгіледік. Біздің өнімдеріміздің сапасы нарықта біздің көшбасшы екенімізге дәлел болып, біздің зауыт әлемдік өндірушілермен бірге бір деңгейінде тұрғанын растайды.
Зауыт өндірісінің негізгі көзі болып табылатын өнімді сату бойынша жұмысымыздың нәтижесі басым маңызға ие. Біз сату көлемін арттырып қана қоймай, клиенттеріміздің сенімі мен құрметіне ие болып, олар үшін сенімді серіктес бола білдік. Серіктестік байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейттік, нарықтағы өз позицияларымыз нығайттық. Біз өнімдерімізді мақтан тұтатындай етіп жасаудың қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіздік!
Біз өнімнің жаңа түрлерін игеру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Зауытымздың әр қызметкері бастаған ісіміздің ажырамас бөлігі екенін білуі қажет, себебі АҚТӨБЕ РЕЛЬС АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ дамуына ол өз үлесін қосып келе жатыр.
Біз жаңа жеңістерге дайын тұрғанымызға сенімдіміз. Келе жатқан жаңа жыл бізге жаңа жеңістер, ауқымды жетістіктер мен перспективалар үшін тағы бір серпіліс жасауға мүмкіндік береді. Біз бірлескен еңбек, инновация және табысқа ұмтылу арқылы ғана алға қойған мақсаттарға қол жеткізетініміз.
Біз Жаңа 2025 жылға сенімді нық қадаммен кіріп келеміз және алда болатын барлық жағдайлар тек өзімізге байланысты. Әрбір жаңа күн – бұл өсу мүмкіндігі, әрбір жаңа жоба — әлемді жақсырақ және жарқын ету мүмкіндігі, ал АҚТӨБЕ РЕЛЬС-АРҚАЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ ұжымымен бірге біз кез келген қиындыққа төтеп бере аламыз және одан да табысты нәтижелерге қол жеткізе аламыз.
Алда жаңа сын-қатерлер мен жаңа жетістіктер күтіп тұр. Оларға дайын болу үшін сіздерге қажымас қайрат пен бастың амандығын тілеймін!
Шаңырақтарыңызға құт-береке, Сізге және Сіздің жақындарыңызға зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Өміріңіз жарқын сәттерге, әр күндеріңіз жаңа жетістіктерге толы болсын!
Алға! Алда бізді жаңа жеңістер мен жетістіктер бізді күтіп тұр!
АРБЗ командасы, Жаңа 2025 жыл құтты болсын!