Танысыңыз: Андрей Кузьмин – ТМД-ның барлық кеңістігінде аналогы жоқ, ҚР индустрияландыру картасы аясында енгізілген, ірі инновациялық өндірістің – Ақтөбе рельс-арқалық зауыттың (АРБЗ) бас директоры.
Осындай бірегей зауытты басқару – үлкен сенім, сондай-ақ үлкен жауапкершілік. Оған қоса екі жыл бұрын жалпы ұлттық телекөпір барысында еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі өндіріске старт берді.
Андрей Анатольевич өзін бақытты адам деп санайды, себебі ол осы ең ірі жедел жобаның іске асуына оның алғашқы күндерінен-ақ қатысты. Өзі – Ақтөбе қаласының тұрғылықты тұрғыны. Кезінде өңірлік мемлекеттік университетін үздікпен бітірді. Біраз ЖЭО-да, кейін құрылыс өнеркәсібінде жұмыс істеді. Белгілі отандық компания филиалдарының бірін басқарды. Дәл сол уақытта тағдырдың жазуымен оны АРБЗ-ның құрылысы жөніндегі жобаның негізгі құрылтайшысының командасына шақырды.
Бүгінгі таңда А. Кузьмин 2012 жылы болашақ өндірістің құрылысына қалай орын таңдағанын, қалай еркін желдің гуілдеп тұрған тақыр далада бірінші қазықшаны қаққанын күлімсіреп есіне алады. Сол уақытта біреулер өте қысқа мерзім ішінде осындай ірі зауыттың құрылысы іске асатындығына күмәнданғанын айтады. Бірақ үлкен құрылыстың басталуымен барлық күмәндар жойылды: оның құлаш жаюы шынымен де бүкілхалықтық болып қалды. Ондаған компаниялар, елдің барлық өңірлерінен, оның ішінде жақын және алыс шетелден жүздеген жоғары білікті мамандар жұмылдырылды. Қысқасы, барлық учаскелерде үздіксіз жұмыс процесі қамтамасыз етілді. Тек ауданы 52,5 мың. ш.м. құрайтын зауыттың басты корпусының құрылысына 110 мың. тонна бетон, 34 мың. тонна металл құрастырылымдар қолданылды. 72 га құрайтын кәсіпорынның барлық аумағында 34 қосымша объекті құрылады және қолданысқа енгізіледі. Кәсіпорында еуропалық үлгідегі жаңа технологияларды, автоматтандырылған илемдік орнақты орнату және іске қосу-реттеу кезінде үлкен жұмыс атқарылды. Кәсіпорын өте қысқа мерзім ішінде іске қосылды.
– Өндіріс бірегей болып табылады, қарапайым тілмен айтқанда, ол бір батырманы басу арқылы әр түрлі модификациялы рельстерді алуға мүмкіндік береді, – дейді Андрей Анатольевич.
Ағымдағы жылдың көктемінде өнім сәйкестік сертификаттаудан сәтті өтті, және бұл стандарт барлық Еуразиялық қоғамдастық мемлекеттері тұтынушыларының талаптарына толық көлемде жауап береді. 120-метрлік рельстердің бірінші партиясы «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясының тапсырмасы бойынша ішкі нарыққа жеткізілді.
Өндірістік тақырыптан сәл ауытқу үшін әңгімелесушіні өзі туралы, «физика, математика, информатика» мамандығы бойынша педагогикалық білімі болып, оның күтпеген жерден техникалық салаға кетіп қалғаны қалай болғаны туралы сұрадым.
– Педагогикалық қызмет менің салам емес екендігін тек қана университеттегі оқудың соңғы курстарында түсіндім, – жымияды ол. Оқу орнын бітіргеннен кейін мен саналы түрде ЖЭО-на, таң қалмаңыз, қарапайым слесарь болып жұмысқа орналастым. Қазандарды, турбиналарды жөндедім … Еш өкінбеймін. Мен үшін ол үлкен мектеп болды.
Сол кәсіпорында ол жақсы дағдылар мен тәжірибе алды: бас инженердің орынбасыраны дейін көтеріледі. Сол уақыт жалақыдағы кідірістер сезілген, әрдайым қандай бір қиындықтарқа тап болатын қиын 90-шы жылдар болды. Бірақ осының барлығы оны шынықтырды, жинақы болуды, өз күшіне сенімді болуға үйретті. 2006 жылы ол энергетика саласынан құрылыс өнеркәсібіне көшеді, онда ол бөлімшелердің бірінде техникалық директордың, кейін филиал директорының лауазымында болады. Осылайша өмір оны күрделі жұмысқа, тағдырдың күтпеген, бірақ қызықты бетбұрыстарына дәйекті түрде дайындап жүрді.
ЖЭО-да жұмыс атқарған жылдары ол үйленді. Маринамен ол студенттік жылдардан бері таныс болды. Міне, 19 жыл бірге. Ұлы Михаилды тәрбиелеп отыр. Ол 14 жаста.
–Отбасы – бұл қасиетті ұғым, – дейді Андрей Анатольевич. – Ол – менің сенімді тірегім. Барлық жағдайларда қолдауын және түсінігін сеземін. Бұл маған күш береді. Михаил көбінесе шығармашылықпен әуестенеді, ол театр үйірмесінде бимен айналысады. Бірақ бұл – оның таңдауы. Дегенмен, ол менің ісімді жалғастырады деп үміттенемемін.
Біз зауыт туралы әңгімені қайта қозғадық.
– Менің ұжымым – үлкен, штат кестесі бойынша 863 жұмыскер қарастырылды, – деп әңгімелейді А.Кузьмин. – Мамандар зауыттың жобалық қуаттылыққа шығу есебімен, қажеттілікке қарай қабылданды. Олардың 90%-ын жергілікті кадрлар құрайды. Бізге Павлодардан, Астанадан, Қостанайдан, Қарағандыдан, Алматыдан, Оралдан келіп жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, еліміздің барлық жерлерінен. Сонымен қатар, жақын және алыс шетелден тар профильді мамандарды жұмылдырамыз, олар Қазақстанда мүлдем жоқ. Қазіргі кезде Ресейден және Украинадан шамамен 6 отбасы жұмыс атқарады. Олар – біздің мамандарды өз ісіне үйретуі тиіс кәсіби илемдеушілер болып табылады.
АРБЗ басшысы өзінің еңбек ұжымы туралы жылы лебізбен айтады. Мүшелерінің орташа жасы – 30 жас. Олар – білгір, олардың арасында жоғары оқу орындарының түлектері көп. 3-4 ай жұмыс істеп және іске-қосу-реттеу процесін меңгеріп, олардың ілмектеушіден ауысм бастығына дейінгі жолды сәтті өтетініне таңданатыны жоқ.
– Сапа сертификатын алғаннан бастап, зауытта өнімнің конвейерлік өндірісі жөнге келді ме? – деп сұрадым мен А. Кузьминнен.
– Сөзсіз, – дейді ол. Шығарымның бірінші жылы біз шамамен 140 мың тонна шығарымды белгілеп қойдық. Бұл қосымша дағдыларды меңгеруге, жұмыс тәртібін жетілдіруге байланысты болды. Зауыттың жалпы өнімділігі 430 мың тоннаны құрайды, және біз жоспарланған мерзімде толық қуаттылыққа шығуды шештік. Алайда, бастама үшін 140 мың тоннаның өзін сын-тегеурін деп те айтуға болады, себебі бұл регламенттік жұмыстармен қарастырылмады. Әлемде 2,5 жылда зауыт салу, кейін 6 айда рельс өндірісін меңгеру және 1,5 жылда номиналдық қуаттылыққа шығу деген тәжірибе жоқ. Мұндай үлгі боларлық оқиғалар болмады. Бірақ біз осыны да меңгеріп шығамыз.
– Өнімді өткізу тек қана ішкі нарықта қарастырылған ба?
– Тек ішкі нарықта ғана емес. Бізде Өзбекстанға, Тәжікстанға айтарлықтай көлемде рельстерді сату туралы нақты шарттар бар. Жақында біз Беларусь Республикасының тауар биржасында тіркелдік. Сол жерде де сатып алуға дайын. Басқа да әлеуетті тапсырыс берушілер біздің өнімге қызығушылығын танытады. Ең алдымен, ол өзінің жоғары сапасымен, төзімділігімен және беріктілігімен қызықтырады. Бұл зертханалық жағдайларда циклдық сынамалар процесінде расталды. Біздің рельс – сараланған, термоорнықтырылған және оларды жолдарда аса жоғары жүктемемен қоюға болады. Бұл оның бірегейлігі. Өз кезегінде еуропалық стандарт сапасына толығымен үйлестірілген Ұлттық стандарттың сертификациясы үшін барлық қажетті сынамаларға төзді.
– Әдеттегі рельс қанша циклдық сынамаларға төзеді?
– Қарапайым салыстыру үшін: біздің рельс 7,5 миллион циклға төзді, ал бәскелестердің бірінің рельсі – не бары 250 мың циклға төзді. Осыдан қорытынды шығарыңыз.
А. Кузьмин зауытта рельстерді икемдеуде, сол сияқты термоорнықтыруда, тегістеуде, түзетуде әлемдегі ең жақсы технология қолданылатынына өте сенімді! Оның іске қосылуымен Қазақстан іс жүзінде рельс өндірісінің нарығындағы күллі конъюнктураны өзгертті. «Жылдың ең үздік индустриалдық жобасы» номинациясында зауыт ҚР Президентінің «Алтын Сапа» арнайы сыйлығының иегері атанғаны кездейсоқ емес. Бұл сыйлықты Елбасының өзі инновациялық өндірісітің жетекшісіне берді.
– Бұл – мен үшін өмірімдегі естен кетпес оқиға, – дейді Андрей Анатольевич. – Және мен кәсіпорын ұжымының алдына қойылған міндеттерді біз абыроймен, зауыт конвейрінен бірінші қазақстандық рельс шығыуының белгіленген мерзімдерінде орындағанымызды мақтан етемін. Ал уақыт өте біздің өнімінің шығарылымы дәйекті түрде әдеттегі жұмыс режимінің фазасына кіреді, және зауыт әр жолы өзінің қуаттылығын арттырады.
Шығарылады: Өмір оны күрделі жұмысқа, тағдырдың күтпеген, бірақ қызықты бетбұрыстарына дәйекеті түрде дайындап жүрді.
Ақтөбе рельс-арқалық зауыт шығаратын рельстердің қызмет ету мерзімі – 7,5 млн. цикл.