Теміржол көлігі бүгінде тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойын атап өтетін Қазақстанның заманауи экономикасын қалыптастыруда елеулі рөлге ие. Республиканың орасан зор аумағын, көптеген өндіріс салаларындағы ауқымды жүк көлемдерін ескерсек, көліктің бұл түрі мемлекеттігіміздің негізгі тұғыры, оның бір өзінде еліміздің өндірістік күшін тұтастай біріктіріп тұр.
Осы жайтты 2004 жылдың 6 наурызында Қазақстан темір жолдарының 100-жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналыста Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев ерекше атап көрсетіп, былай деді: «Ғасырлық тарихы және ертеден келе жатқан сара жолы бар Қазақстанның теміржол көлігі – бұл ел экономикасының берік және сенімді іргесі».
Жоғары жылдамдықты жолдардың болмауы Қазақстандағы теміржол көлігінің жаңа сатыға дамуын тежеуде, өйткені қазақстандық экономиканың дамуы мен елімізде заманауи тармақталған теміржол желісінің болуы, сонымен қатар жоғары сапалы отандық өндірілген өзіндік РЕЛЬСТЕРДІҢ болуы өзара тікелей байланысты. Одан бөлек, ҚР құрылыс индустриясының қарқынды дамуын ескере отырып аса қажет материалдар – пішінді илек, атап айтқанда, қоставрлар, бұрыштықтар және швеллерлер өндіретін кәсіпорынды құру қажеттілігі туындады.
Осыған байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жолы – аса қажет материалдық ресурстар – теміржол рельстерін және орта пішінді металл илегін кепілді түрде жабдықтау мақсатында 2013 жылы Ақтөбе қаласында Ақтөбе рельс-арқалық зауыты құрыласының іргетасы қаланды.
Зауыттың сыртқы инфрақұрылымын салу Ақтөбе облысы Әкімдігінің жергілікті және Республикалық бюджеті есебінен жүргізілді. 2014 жылдың қарашасында алаңнан тыс желілердің құрылысы басталды, олар сумен қамту, кәріз жүйелері, газбен жабдықтау, электрмен қамту, кірер темір жолдар және автомагистраль қиылысындағы жол (автокөлік көпірі).
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ы «Қызғалдақты» станциясын кеңейтуді және кірер жолдар салуды өз міндетіне алды.
2015 жылдың 30 шілдесінде ГПЭС Газ-поршеньді электр станциясының құрылысы аяқталып, оны Мемлекеттік комиссия қабылдады және құрылысы аяқталған нысанды пайдалануға қабылдау туралы Мемлекеттік қабылдау комиссиясының Актіне қол қойылды.
2016 жылдың 12 ақпанында дифференциалды беріктелген және термоберіктелмеген теміржол рельстер, қарапайым сападағы көміртекті болаттан пішінді илек өндірісі үшін ҚР СТ 18001-2008 «Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесіне» және ҚР СТ ИСО 14001-2006 «Экологиялық менеджмент жүйесі. Қолданылуы бойынша талаптар мен нұсқаулықтар» сәйкестік сертификаттары алынды.
2016 жылдың 01 сәуірінде «Р65 типті теміржол рельстері» CT-KZ тауарлардың шығу тегін анықтау сертификаттары алынды (Отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу және тендерлерге қатысу үшін).
2016 жылдың 06 маусымында Ақтөбе рельс-арқалық зауыты іске қосылды, нысанды пайдалануға қосу туралы Актіге қол қойылды.