2019 жылдың 10-шы қазанында тұңғыш рет елімізде Кәсіподақтар күні ресми түрде аталып өтті. Осыған байланысты 10 қазан – Қазақстан Кәсіподақтары күні қарсаңында Ақтөбе облыстық аумақтық кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен салтанатты шара өтті. Салтанатты жиынға аймақ басшысы Ералы Тоғжанов қатысып, кәсіподақ қозғалысының дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген азаматтарды марапаттады.
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов кәсіподақ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздік еңбеккерлерді алғыс хатпен марапаттады. «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС Кәсіподақ комитетінің дамуына қосқаны зор үлесі мен көп жылдар бойы атқарған адал қызметі үшін осындай облыс әкімінің алғыс хатын біздің қызметкеріміз Попова Инна Юрьевна алды.
Мерекелік жиында Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің төрағасы Алтынбек Әмірғалиев атқарылған жұмыс туралы баяндап, кәсіподақ белсенділеріне алғыс хат тапсырды. Марапатқа ие болғандардың қатарында біздің зауытымыздың қызметкерелері де бар, атап айтқанда Алданазаров Акниет Нагиевич, Таджимова Айгерим Амангельдыевна және Алькенова Сауле Жумабековна.
Еңбектері елеңген барлық әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!