Бүгінгі таңда «АРБЗ» ЖШС өнімдері т/ж әкімшіліктері мен өнеркәсіптік кәсіпорындардағы темір жолдардың жоғарғы құрылымын салуда ойдағыдай пайдаланылуда. Ішкі нарықтан басқа, «АРБЗ» ЖШС шығаратын өнімдер Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Қырғызстан, Украина, Грузия, Түрікменстан, Әзірбайжан, Латвия, Эстония және басқа елдерде сұранысқа ие.
«АРБЗ» ЖШС рельстері Қазақстан Республикасының аумағында ірі инфрақұрылымдық жобаны салу кезінде – Достық – Мойынты учаскесінде екінші теміржол жолдарын салу кезінде пайдаланылады. Нысан «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылып жатыр және елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамытуда маңызды экономикалық рөл атқарады. Құрылыс 2022 жылдың қараша айында басталды.
Бөлінген учаскедегі теміржол жолдарының жалпы ұзындығы 836 шақырымды құрайды.