АРБЗ-дағы қызметкерлердің басым үлесі қазақстандықтар болып табылады және олар зауыт персоналы санының негізгі бөлігін құрайды.
2021 жылдың соңында 797 (100%) қызметкердің 782-і (98,12%) ҚР азаматтары болып табылады. Қазақстандық қызметкерлердің жалпы санының 765-і (95,98%) қала мен облыстың жергілікті тұрғындары болып табылады. 15 адам (1,88%) резидент емес. Оның ішінде Украина азаматтары – 2 адам (0,25%). Саны бойынша РФ азаматтары басым – 13 адам (1,63%), оның ішінде РФ азаматтығын алған қазақстандықтар – 7 адам (0,88%), ҚР-да тұруға ықтиярхаты – 4 адам (0,5%).
2022 жылдың 31 наурыздағы жағдай бойынша 827 (100%) қызметкердің 813-і (98,31%) ҚР азаматтары болып табылады. Қазақстандық қызметкерлердің жалпы санының 796-ы (36,25%) қала мен облыстың жергілікті тұрғындары болып табылады. 14 адам (1,69%) резидент емес. Оның ішінде Украина азаматтары – 1 адам (0,12%). Саны бойынша РФ азаматтары басым – 13 адам (1,57%), оның ішінде РФ азаматтығын алған қазақстандықтар – 7 адам (0,85%), ҚР-да тұруға ықтиярхаты – 4 адам (0,48%).
Мамандарды ынталандыру және кадр резервін перспективалық тұрғыдан алға бастыру үшін құрылымдық бөлімшелердің сұраныстары бойынша айына бір рет қызметкерлердің разрядтарын көтеру немесе оларды басқа лауазымға ауыстыру үшін біліктілік емтихандары өткізіледі.
Ең алдымен, бұл өндірістік бөлімшелердің мамандарына қатысты. 2021 жылдың 4 тоқсанында 20 қызметкерлерге біліктілік емтихандары өткізілді. 2022 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша біліктілік емтиханды 26 адам тапсырды. Барлық қызметкерлер біліктіліктерін растап, басқа лауазымдарға ауыстырылды.