Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Ақтөбе облысының ІІД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция капитаны Мандыбай Максат және Ақтөбе облысының ІІД Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл басқармасының полиция майоры Уалиханулы Алибек халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты»ЖШС-не келді.
Еңбек ұжымы арасында өткен жиналыс барысында полиция қызметкерлері есірткі заттарын сатып алу, сақтау және оны сату үшін жазалау шаралары туралы мәселелердіқозғады, деструктивті діни ағымдар туралы бейнероликтер көрсетті, алаяқтардың азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдері туралы баяндап, нақты мысалдар келтірді.