Әлеуметтік серіктестік – сапалы маман даярлаудың негізі!

Мемлекет басшысының жұмысшы мамандықтарын қолдау саясаты аясында елімізде де, өңіріміз бен оқу орнымызда да сан түрлі шаралар іске асырылуда.
            Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің жұмыс жоспарына сай еңбек адамдарының мәртебесін көтеру, оны жастарға кеңінен насихаттау, өңіріміздегі ірі кәсіпорындармен іскерлік байланыстарды нығайту және болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын дамыту арқылы жұмысшы мамандықтарын дәріптеу мақсатында «SHEBER-2025» іс-шарасы бүгін еліміздегі бірегей өндіріс орны Ақтөбе рельс-арқалық зауытында жалғасын тапты.

Жұмысшы мамандықтарын дайындайтын кәсіптік техникалық оқу орны ретінде АРБЗ зауытымен әлеуметтік серіктес ынтымақтастығымыз жылдан жылға тереңдей түсуде.
Студент жастарға зауыт мамандары арқалық-рельстерді дайындаудың автоматтандырылған технологиялық процестерімен жете таныстырып, шеберлік класс көрсетті. Алпауыт өнеркәсіптің жұмыс режиміне қызыққан студент жастардың жұмысшы мамандығына деген құрметі арта түсті.

Өндіріс орнындағы шараның соңы мәжіліс залында зауыттың персонал басқармасының бастығы Н.Акмурзина, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Д. Джаманбаева колледж директоры Ж.С.Мухамбетпаизова, колледж оқытушылары мен студенттері, зауыт қызметкерлері және жұмысшы мамандардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел басында қорытындыланды.