Бүгін «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.
Осы жеңіс – мақсатқа бағытталған қажырлы еңбектің, сапа мен даму жолындағы тұрақты талпыныстың лайықты жемісі.
Ақтөбе облысы мен еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін биік деңгейде көрсете отырып, отандық өндірістің дамуына үлес қосу – біз үшін үлкен мәртебе әрі мақтаныш.