Бүгін «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясына қатысушы оқушылар Актөбе рельс-арқалық зауытына барып қайтты.

Зауыт қызметкерлері оқушыларды жылы жүзбен қарсы алып, өндіріс процесімен таныстырды. Балалар өнімнің қалай жасалатынын өз көздерімен көріп, зауыттың операторлық бөлмесіне де кіріп шықты. Сонымен қатар, зауыт жұмысшыларымен сұхбаттасып, кәсіби қызмет туралы қызықты ақпараттар алды.

Экскурсиядан кейін оқушылар ерекше әсермен оралды. Көпшілігі алғаш рет осындай ірі өндіріс орнын өз көзімен көріп, тіпті кейбіреулері болашақ мамандығын осындай саламен байланыстыруды ойлап қалды.

Көп әсер мен жаңа білім — бүгінгі күннің басты жетістігі!
Зауыт ұжымына шын жүректен алғыс айтамыз!

📌«Ақтөбе рельс – арқалық зауыты» ЖШС – Қазақстанда дифференциалды термоберіктелген рельстер мен орташа пішінді илектің кең номенклатурасын өндіруге мамандандырылған ірі өнеркәсіптік кешен болып табылады.