«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС (АРБЗ) Р50 типті рельстерді өндіруді игеру және сериялық өндіріске қою жұмыстарын сәтті аяқтап, өнімнің аталған түрі бойынша сертификаттау сынауларын жүргізуге кірісті.
2026 жылғы ақпан айында кәсіпорын ДТ350 және НТ260 санатындағы Р50 рельстерін МемСТ Р 51685-2022 және ҚР СТ 2432-2023 талаптарына сай өндіруді игерді. Зауыт өнімі бір сәтте екі мемлекетаралық нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес келеледі, бұл оның жеткізілім географиясын айтарлықтай кеңейтіп, АРБЗ-ны түрлі елдердегі тапсырыс берушілер үшін әмбебап серіктес ретінде танытады.
Аталған типтегі рельстер өнеркәсіптік кәсіпорындардың кірер жолдарында, карьерлер мен шахталарда, бағыттамалы бұрмаларда, сондай-ақ станциялық және қосалқы жолдарда кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, Р50 рельстері қалалық инфрақұрылым нысандарында, атап айтқанда арнайы науалы профильді талап етпейтін трамвай желілерінің учаскелерінде сұранысқа ие.
Өнімнің жаңа типін игеру – зауыттың техникалық және өндірістік қызметтерінің өнім номенклатурасын кеңейтуге және кәсіпорынның Қазақстан мен ТМД елдері нарықтарындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесі. АРБЗ өндірісті әртараптандыру және теміржол саласының өзекті талаптарына сай келетін жаңа өнім түрлерін кезең-кезеңімен игеру бағытын жалғастырып келе жатыр.




