2025 жылғы 20 қыркүйекте «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС ұжымы Ақтөбе облысының Экология департаментінің қолдауымен ұйымдастырылған World Cleanup Day бүкіләлемдік экологиялық бастамасына қосылды.
Біздің кәсіпорын үшін қоршаған ортаға қамқорлық жасау — корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Біз бизнестің жауапкершілігі тек өндірістік көрсеткіштермен шектелмейтініне сенімдіміз.
Осынау жаһандық акцияға қатысу — туған өлкеміздің табиғатын келешек ұрпақ үшін сақтап қалуға қосқан біздің нақты үлесіміз. Біз бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамның басын біріктірген қозғалыстың бір бөлшегі болғанымызды мақтан тұтамыз және өңірдің экологиялық бастамаларын қолдауды жалғастыра береміз.
