АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ – «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Ақтөбе облысына қызметтік сапары аяқталды.
Осы сапардың қорытындылаушы бөлімінде облыстағы «Нұрлы жол» жобаларының және индустриялық-инновациялық бағдарламаның жүзеге асырылуы барысымен танысты деп мәлімдейді партияның баспасөз қызметі.
Атап көрсетілгендей, Ақтөбеде қыркүйек айында 320 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылады. Бұл мектеп «Нұрлы жол» президенттік бағдарламасы аясында тұрғызылуда, оған қоса 5000 шақырым көлік жолы және 2500 шақырым болат магистральдер салынып, әлеуметтік саланы да заманауиландыру қарастырылған.
Кең ауқымды инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асырудың сапасы «Нұр Отан» партиясының ерекше бақылауында екенін Мұхтар Құл-Мұхаммед атап көрсетті.
«Біз әр теңгенің мақсатына сай жұмсалуын және ол халық игіліне бағытталуын жіті бақылаудамыз», – деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары.
«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстанның индустриялық-инновациялық секторына да оңды ықпал етіп келеді. Мысал ретінде Ақтөбе қаласында салынған рельс-арқалық зауытын атауға болады. Осы зауытта шығарылатын барлық өнім жаңа темір жолдар құрылысына жұмсалады.
Кәсіпорынның директоры Андрей Кузьмин жаңа жобаның 750-ден астам адамды жұмыспен қамтығанын Мұхтар Құл-Мұхаммедке хабарлады. Осы жылы 100 мың тоннадан астам өнім шығарылады деп күтілуде. Зауыттың жобалық қуаты бұдан төрт есе артық.
Зауыт ұжымымен сұхбаттасу барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед жаңа өнеркәсіптік алпауыт кәсіпорын өз өнімімен ішкі нарықты ғана емес, экспортқа шығаруды да межелеу қажеттігіне тоқталып өтті.
«Біздің алдымызда Еуразиялық экономикалық қауымдастық нарығы ашық тұр, біз БСҰ мүшесі болып табыламыз. Бұл біздің өндірістерге, оның ішінде Ақтөбе рельс-арқалық зауыты секілді озат зауыттарға орасан зор мүмкіндіктер беруде», – деп Мұхтар Құл-Мұхаммед сөзін қорытындылады