АРБЗ құрылысы 2013 жылдың қарашасында басталды. Жобаның жалпы құны 82,7 млрд. теңге, қажетті қаржыландырудың 70% дейінгі көлемі ҚДБ тарапынан берілді.
Ақтөбе рельс-арқалық зауыты (АРБЗ) шығаратын рельстерін ресейлік мемлекеттік стандарт (МемСТ) Р51685-2013 бойынша сертификаттады.
«Қазақстан Даму Банкі» Бұқарамен байланыс қызметінің хабарлауы бойынша (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің құрамында) алынған сертификат кәсіпорынның өз өнімін аталған стандарт қолданылатын елдерге және алдымен Ресейге экспорттау мүмкіндіктерін арттырды.
«Посткеңестік кеңістіктегі көптеген елдерде МемСТ Р51685-2013 бойынша сертификатталған теміржол рельстері сұранысқа ие. Атап айтқанда, Өзбекстанмен 15 000 тонна рельске аталмыш ресейлік МемСТ бойынша өнімнің сертификатталуы талабы бар кейінге қалдырылған шарттағы келісім-шартқа қол қойылды», – деп осы жайт туралы АРБЗ бас директорының бірінші орынбасары өз пікірін білдірді.
МемСТ Р51685-2013 бойынша сәйкестік сертификатын алу үшін АРБЗ сапаны растаудың бірнеше сатысынан өтті: механикалық қасиеттерге, микро- және макроқұрылымына зертханалық сынаулар өткізу, стендтік сынаулар, рельстердің пайдалану сенімділігін «Теміржол көлігінің ғылыми-зерттеу институты» АҚ (РФ) эксперименттік айналымында тексеру (брутто-тонна жұмыспен өтелуі).
АРБЗ – ЕАЭО аймағындағы ұзын өлшемді (120м) термоберіктелген теміржол рельстерінің жалғыз өндірушісі. Кәсіпорында рельстерді су-ауа қоспасының ағындарын қолданып шынықтыру технологиясы пайдаланылады, бұл әдіс тек Қытайдағы бір зауытта ғана пайдаланылады. Бұл технология өндірілетін рельстер сапасының стандарттарын (қаттылық, термоберіктік, тозу төзімділігі) аса төмен температураларда (Ресейдің Қиыр солтүстігі, мәңгі тоң) жағдайында қажет деңгейге дейін арттыруға мүмкіндік береді.
АРБЗ құрылысы 2013 жылдың қарашасында басталды. Жобаның жалпы құны 82,7 млрд. теңге, қажетті қаржыландырудың 70% дейінгі көлемі ҚДБ тарапынан берілді. АРБЗ илек орнағының жобалық қуаты жылына 430 000 тонна илек, оның ішінде 200 000 тонна – жоғары жылдамдықты магистральдерге арналған термоберіктелген ұзын өлшемді (120м) рельстер, 230 000 тонна – құрылыс секторына арналған пішінді өнім.