Өткен жылдан бері 70 мың тоннадан астам ақтөбелік рельс өнімдері жолды ағымдағы және күрделі жөндеуге жұмсалды.
Ақтөбе рельс арқауы зауытының өнімдері республиканың магистральдық желісіне 500 шақырымға жуық жолға төселді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының менеджері С. Әлиевтің айтуынша, «ақтөбелік рельстер барлық теміржол бойларына жеткізілуде».
Ақтөбелік рельс өнімдері өткен жылдан бері Алматы-1-Шу екінші теміржол желісі, Құрық порты паром кешенінің кіре берісіне, Астана вокзал кешені құрылысына жұмсалуда. Барлық осы нысандарға өткен жылы 14 мың тонна рельс өнімдері жеткізілді.
«Ұзын рельстерді төсеу жалғасатын тұстарының барынша азаюымен құнды. Рельстер жоғары технологиялық мінездемеге ие. Бұл өз кезегінде пойыздың жоғары жылдамдықпен жүруіне ықпал етіп, жылжымалы құрамның тозбай сақталуына да, жолаушылардың пойызда өздерін жайлы сезінуіне де әсер етеді»,-дейді С. Әлиев.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «АРАЗ» ЖШС арасындағы магистральдық желіні жаңғыртуға арналған ұзақмерзімдік келісімге сәйкес 2022 жылдарға дейін 600 мың тоннадан астам рельс жеткізуі жоспарланып отыр.
АРАЗ өнімдерімен ел ішіндегі сұранысты қанағаттандырып қана қоймай, көршілес елдердің нарығына да экспортқа шығаруға басымдық береді. Биылғы жылғы келісім бойынша зауыттың 64 мың тонна рельс өнімдері Өзбекстан, Тәжікстан, Белорусь, Грузия, Түркменстан, Ресей, Эстония жіберіледі.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі