Ақтөбедегі Рельс комиссиясының 133 отырысы қазақстандық өнімнің сапасы жоғары екендігін атап өтті

4 қазанда Ақтөбеде 133 Рельс комиссиясының отырысы өткізілді. «Ақтөбе рельс арқалығы зауыты» ЖШС алаңында Қазақстанда тұңғыш рет өткізілуде. Оған әлемнің 20-дан астам өндіріс, рельстердің сапасын бақылау және пайдалану жөніндегі жетекші компаниялары қатысуда. Олардың қатарында Siemens VAI (Австрия), Mitsui & Co и Nippon Steel (Жапония), ЕВРАЗ Холдинг (Ресей), Kardemir (Түркия), NDT Technologies Inc. (Канада) тағы басқа да компаниялар бар.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Инфрақұрылым жобалары жөніндегі вице-президент Б. Орынбасаров ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Маминнің отырысқа қатысушыларға құттықтауын оқып берді.

«Қазақстанда Рельс комиссиясының 133-отырысын өткізу рельс илеуі өндірісіндегі маңызды оқиға болып саналады»,- дейді Құттықтауда.

1520 жолтабаны кеңістігіндегі рельс өнімдерін дайындау мен пайдалануда Рельс комиссиясының ролі зор екендігі айта келіп А. Мамин «Ақтөбе рельс арқалығы зауыты Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған Еуразия кеңістігіндегі баламасыз замануи үлгідегі кәсіпорын. Мұнда аса жоғары сапалы бәсекелестікке сай өнім өндіріледі»,-деп атап өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Б. Орынбасаров рельс өндіруді Қазақстанның теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы басым бағыттардың бірі екендігін «Қазақстан аумағындағы тұңғыш рельс өнімдерін шығару теміржол көлігі саласының маңызды кезеңі екендігін» атап өтті.

«Ақтөбе рельс арқалығы зауытының өнімдері «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы: Алматы-Шу теміржол желісінің екінші телімі, жаңа Құрық теңіз портының инфрақұрылымы, Астана жаңа вокзалы кешені құрылыстарында кеңінен пайдаланылуда», дейді Б. Орынбасаров.

Зауыт өнімдері тиісті стенділік, алаңдағы сынақтардың барлығынан өткізілді. Қауіпсіздік, сапалық, техникалық регламент және халықаралық стандарт талаптарына сай.

Қазіргі таңда АРАЗ кәсіпорны аумағында жүрдек қозғалысқа арналған рельстің Р65 сыныпты ДТ 350 және ДТ 350 СС түрлері шығарылады.

Отырыс барысында «РТЖ» ААҚ ЦДИ бастығының орынбасары А. Кучин, «АРАЗ» ЖШС бас директоры А. Кузьмин сөз сөйледі.

Анықтама үшін: 

Рельс комиссиясы – рельс сапасын стандарттау мақсатында құрылған комиссия. Ресейде құрылғанына 130 жыл толып отыр.

Рельс комиссиясының жылма-жылғы отырыстарында теміржол рельстерінің сенімділігі, өндірістегі технологиялық жағдай, рельсті шығару мен пайдаланудағы өзекті мәселелер қаралады.

Қазіргі таңда, Рельс комиссиясы ( «РТЖ»ААҚ, «ҚТЖ»ҰК» АҚ, «ВНИИЖТ»ААҚ, «ЕвразХолдинг»ААҚ, «Орал металл институты», «Магнитогор магнитті-калибр зауыты», «Мечел-Сталь БК» ААҚ, АРАЗ) секілді теміржол көлігі инфрақұрылымы саласының, металлургиялық зауыттардың, ғылыми орталықтардың үздік мамандарын біріктіреді.

Источник