Ақтөбе өңірінде шығарылатын құрылыс материалдарының ассортименті көбеюде.
Мұнда Қазақстандағы алғаш рет болат бұрыштықты шығару басталды. Импорттың орнын басуға жақында қызметін ақтарып бастаған рельс-арқалық зауыты көмектесуде. Кәсіпорын ассортиментінде рельстік өнім ғана емес, пішінді илектің де он шақты түрі бар.
Отандық өнімнің жаңа түрі МемСТ сәйкес келеді және жергілікті нарыққа жіберіліп, сонымен қатар Ресейге де экспортталып үлгерген. Кәсіпорында 120-шы құрылыс бұрыштығының бір жарым мың тоннасы шығарылды. АРБЗ ассортиментінде профильдің 27 түрі және сонша пішінді илек түрлері бар.
Иван Лысенко, АРБЗ өндіріс бойынша директоры:
– Бұл өнім өнеркәсіптік ғимараттар салуға, тұрғын үй құрылысында қолданылады. Осыған дейін ҚР аймағында мұндай өнім шығарылған жоқ. Осы жоба импорттың орнын басуды қамтамасыз етіп, РФ мен Орта Азия елдеріне экпорттық жабдықтаулар жасауға жол ашады.
Бүгінде Ақтөбе өңірі өзінің құрылыс материалдарына қажеттілігін толықтай өтеп отыр. Оның 90 % жергілікті кәсіпорындар шығарады. Артық қалған көлемі көршілес елдерге сатылады. Осылайша құрылыс бұрыштығын сатып алуға ТМД елдерінен ондаған компаниялар қызығушылық танытты. Бұл отандық тауар болғандықтан алдымен қазақстандық тораптық базалар арасында үйлестіріледі. Металл илегінің ірі сатушылары жергілікті өнімді ірі партиялармен сатып алады, бұл өнім сырттан әкелінген баламалармен озық бәсекеге түсе алады.
Самал Симбинов, металл базасының өкілі:
– Біздің металлдың сапасының еш міні жоқ, АРБЗ-дан шығарылатын арматура болсын, бірінші қазақ бұрыштығы болсын, қай өнімді алмасаңыз да солай. Халық оларды жақсы деп бағалауда. Сатып алынған барлық көлем дерлік сатылып үлгерді. Кәсіпорындар да алуда, жеке тұлғалар да алуда. Өңірдің экономикасы бірнеше облыста қатарынан дамып келеді. Жаңа кәсіпорындар өнеркәсіптің өсуін қамтамасыз етуде, ал жалпы ішкі өнімнің өсуі 105 % деңгейінде болжанып отыр. Өңір көрсеткіштері өнеркәсіптік портфельдің өзгеріп келетінін пайымдайды. Мұнай өндіру көлемдері азайған уақытта өңірдегі өңдеуші өнеркәсіптің өсуі байқалады.
Кайрат Бекенов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:
– ҚИИДМБ аясында іске қосылған жаңа кәсіпорындар бүгінде цифрлармен, экономика саласында, өңіріміздің дамуында салық түсімдері түрінде жаңа леп беріп отыр. Сонымен бірге біз мемлекет тарапынан жасалған жағдайлар аясында осы жаңадан ашылған өндірістер арқылы өнеркәсіп өркендеуінің резервтерін көріп отырмыз. Атап айтқанда 5 млрд теңгеден астам қаражат индустриялық аймақты және бизнеске арналған алаңды ашуға бөлінді. 13 компания осы индустриялық аймаққа тапсырыс беріп, жобалардың жалпы сомасы 88 млрд.теңгені құрады.
Бизнеске арналған аталмыш алаңда жаңа өндірістер бой көтеріп келеді. Индустриялық аймақтың жартысынан астам көлемі бүгінде бос емес. Бұл жерде 1700 жұмыс орны ашылады. Сәйкесінше алаң толық қамтылса, жұмысқа тартылған халық саны екі есе көбееді.