РЖД 2017 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,06 млн. т рельс сатып алды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 11,5% артық деп хабарлайды ТАСС РЖД-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда «Евраз» компаниясынан 719,8 мың т., ал «Мечелден» 329 мың т. рельс сатып алды. Сонымен қатар РЖД қазақстандық Ақтөбе рельс-арқалық зауытынан 7,5 мың т. рельс сатып алды деп хабарламада көрсетілген.
Олардың 529,3 мың т. рельстер 100 м., оның ішінде 315,8 мың т «Мечел» өндірісінің рельстері, 206 мың т. – «Евраз» холдингінен деп көрсетті РЖД. 2016 жылы РЖД 947,7 мың т. рельс сатып алды, оның ішінде 404,6 мың т. 100 м. ұзындықта болатын.