2019 жылғы 23 қазанында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-нан Стажировка» қайырымдылық жобасы аясында «Taiburyl» қорының атынан «Білім беруді қолдау» бағдарламасы бойынша «АРБЗ» ЖШС жас түлектерді қолдау мақсатында Қарағанды Мемлекеттік Индустриялық Университетінің 2019ж. 12 түлегін «Материаллтану және жаңа материалдар технологиясы», «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы», «Технологиялық машиналар және жабдықтар» техникалық мамандықтар бойынша ақылы стажировкаға қабылдады.
Taiburyl Қоры қаржылық қолдауды қажет ететін студенттерге, зерттеушілерге, дарынды оқушыларға қолдау көрсетеді, сондымен қатар жас түлектер мен студенттердің дамуы, оларға Қазақстан Республикасының үздік өндірістік компанияларында кәсіптік бағдар беру арқылы алғашқы еңбек дағдыларын алуға мүмкіндік береді.
«АРБЗ» ЖШС-де Қазақстан, Ресей және ТМД елдерінің көптеген өңірлерінен білікті мамандар жұмыс істейтіндіктен, АРБЗ Қазақстандағы жоғары сапалы дифференциалды термоберіктелген рельсті және орташа пішінді илекті өндіру бойынша ең ірі кәсіпорын мамандарынан білім алуға және тәжірибе үйренуге бірегей мүмкіндік береді. Стажировкадан сәтті өткен жас мамандар біздің Кәсіпорынға жұмысқа орналасады. Айта кету керек, стажировкадан өтуге жас мамандар Қазақстанның әр аймағынан келген.