Электр энергия

Рельс-арқалық зауытын электр энергиямен қамту үшін, сонымен қатар илек өндірісіне жұмсалатын шығындарды азайту мақсатында «Жобалық қуаты жылына 430 мың тонна илек болатын Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» жобасын жүзеге асыру аясында қуаты 38,9 МВт газ-поршеньді электр станциясының құрылысы (әрі қарай – ГПЭС) жүргізілді. «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-нің ГПЭС 2015 жылдың 30 шілдесінде Мемлекеттік қабылдау комиссиясының Құрылысы аяқталған нысанды қабылдау туралы актісімен пайдалануға берілді.

ГПЭС-тің тұрақты пайдалануы «KEGOC» АҚ-нан 2015 жылдың 6 тамызында келісім алғаннан кейін басталды.

Газ-поршеньді электр станциясы өндіріп шығаратын негізгі өнім электр энергиясы болып табылады.

ГПЭС қолданыстағы энергетикалық жүйеде және/ немесе одан бөлек режимде жұмыс жасай алады.

Өндіріліп шығарылатын электр энергиясының сапасы келесілермен қамтамасыз етіледі:

  • генераторлық қондырғының желідегі жұмысы барысында газ-поршеньді қозғалтқыштағы отын берілуін көбейту немесе азайту арқылы оның белсенді қуатын реттеу мүмкіндігі. ГПА қуатын реттеу диапазоны 10-нан 100% дейін құрайды;
  • істен шыққан жабдықтардың орнына резервтік қосалқы жабдықтарды қосу мүмкіндігі, ондағы мақсаты электр қуатын жеткіліксіз шығарудан болатын экономикалық шығындарды азайту;
  • ГПЭС жабдықтары мен жүйелерінің параметрлері қорғаныс мәннен ауытқыған кезде жабдықты автоматты түрде тоқтату.

Электр қуаты Wärtsilä 20V34SG типті төрт газ-поршеньді электр агрегаттарымен өндіріліп шығады, әрқайсысының электр қуаты 9730 кВт. Бұл газ-поршеньді стационарлық электр агрегаттарын Wartsila Finland Oy компаниясы жобалады, дайындайды және жабдықтайды және ол келесідей негізгі элементтерден тұрады:

  • Wärtsilä 20V34SG газ-поршеньді қозғалтқышы;
  • генератор;
  • қосалқы жүйелер мен жабдықтар;
  • автоматты басқару жүйесі.

Жабдықтар персоналдың қозғалып тұратын, ыстық және діріл беретін бөліктермен кездейсоқ жанасуды алдын алатындай және қоршаған ортаға ластанулар мен шаң-тозаңдар түсуді азайтатындай етіп жобаланған.

ГПЭС автоматты басқару және мониторинг жүйесі генераторлық қондырғыларды, олардың қосалқы механикалық және электр жүйелерін қауіпсіз, сенімді, тиімді және қолайлы басқаруын қамтамасыз етеді.