«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС «Таза Аймақ» экологиялық акциясын толық қолдап, оған белсене қатысты.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша экология департаментімен ұйымдастырылып, қалалық аумақтарды және жағалаудағы аймақтарды тазалауға бағытталған. Акцияға қатысу – Кәсіпорынның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және тұрақты даму принциптеріне берік екенін, сондай-ақ аймақтағы қоршаған ортаны қорғауға және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосуға дайын екенін көрсетеді.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС 2025 жылдың 27-30 сәуір аралығында Ташкент қаласында өткен ИННОПРОМ: Орталық Азия халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты.

Көрме ТМД мен Азия аумағында өнеркәсіптік технологиялар, инновациялар, жабдықтар мен өнімдерді көрсетуге арналған негізгі платформалардың бірі.

Осы көрме іскерлік байланыстарды кеңейту, «АРБЗ» ЖШС өнімдерін Орталық Азия нарығында алға жылжыту және жаңа серіктестер табу үшін маңызды алаңға айналды.

ИННОПРОМҒА қатысу – бұл қазақстандық өндірістің сапалы металлургиялық өніміне деген жоғары қызығушылықты растайды және одан әрі өсу мен даму үшін жаңа перспективалар ашады.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС қаланы абаттандыру акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты.

Кәсіпорын қызметкерлері корпоративтік жауапкершілік пен қоршаған ортаға деген қамқорлық таныта отырып, қала аумағының санитариялық жағдайын жақсартуға және тазалық орнатуға елеулі үлес қосты.

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС «Таза бейсенбі» атты экологиялық акциясына қатысты.

Аталаған іс-шара аясында Кәсіпорынның айналасындағы аймақты тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл акция Ақтөбе қаласын санитариялық тазарту және абаттандыру бойынша көктемгі экологиялық іс-шаралар шеңберінде ұйымдастырылды.  

Осы сенбілікке Кәсіпорынның 100-ден астам қызметкері белсене атсалысты.

Айта кету керек, «АРБЗ» ЖШС тұрақты негізде өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаның тиісті санитариялық жағдайын сақтау мақсатында экологиялық іс-шараларға белсенді қатысады.

Әлеуметтік серіктестік – сапалы маман даярлаудың негізі!

Мемлекет басшысының жұмысшы мамандықтарын қолдау саясаты аясында елімізде де, өңіріміз бен оқу орнымызда да сан түрлі шаралар іске асырылуда.
            Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің жұмыс жоспарына сай еңбек адамдарының мәртебесін көтеру, оны жастарға кеңінен насихаттау, өңіріміздегі ірі кәсіпорындармен іскерлік байланыстарды нығайту және болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын дамыту арқылы жұмысшы мамандықтарын дәріптеу мақсатында «SHEBER-2025» іс-шарасы бүгін еліміздегі бірегей өндіріс орны Ақтөбе рельс-арқалық зауытында жалғасын тапты.

Жұмысшы мамандықтарын дайындайтын кәсіптік техникалық оқу орны ретінде АРБЗ зауытымен әлеуметтік серіктес ынтымақтастығымыз жылдан жылға тереңдей түсуде.
Студент жастарға зауыт мамандары арқалық-рельстерді дайындаудың автоматтандырылған технологиялық процестерімен жете таныстырып, шеберлік класс көрсетті. Алпауыт өнеркәсіптің жұмыс режиміне қызыққан студент жастардың жұмысшы мамандығына деген құрметі арта түсті.

Өндіріс орнындағы шараның соңы мәжіліс залында зауыттың персонал басқармасының бастығы Н.Акмурзина, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Д. Джаманбаева колледж директоры Ж.С.Мухамбетпаизова, колледж оқытушылары мен студенттері, зауыт қызметкерлері және жұмысшы мамандардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел басында қорытындыланды.

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК ЖАСТАРЫ ӨНДІРІСТЕГІ ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТЫ «ҚОЛДАЙДЫ».

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Гульнара Жумагельдиева бастаған ҚРКФ делегациясы «Кәсіподақ десанты» акциясы аясында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-не барып, еңбек ұжымымен кездесіп, жұмысшы кәсіптер жылының міндеттерінің іске асу барысымен танысты.

Осы кездесу аясында саланың дамуына қосқан үлесі үшін «Еңбек озаты» ҚРКФ медалімен зауыттың жоғары білікті қызметкерлері – 5-разрядты слесарь Андрей Бажин, цехтың таразышысы Куралбай Ниязбаев, зауыттың электр станциясының операторы Жадигер Аралбаев марапатталды. Бірқатар қызметкерлер ҚРКФ Құрмет грамотасына ие болды.

Сонымен бірге, Кәсіпорын базасында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының делегациясы үшін экскурсия өткізілді.

Ақтөбе рельс-арқалық зауытының ұжымымен кездесуді аяқтай отырып, ҚРКФ төрағасының орынбасары Гульнара Жумагельдиева кәсіпорынның әлеуметтік әріптестеріне нәтижелі серіктестік үшін алғысын білдіріп, кәсіпорын қызметкерлерінің пікірі салаларды дамыту бойынша мақсатты шешімдер қабылдау үшін маңызды екенін атап өтті.

Наурызқұтты болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілейміз. Жылдың әр күні сіздерге және жанұяларыңызға тек қана жақсылық пен игілік әкелсін!

Бүгін Елек орта мектебінің жоғары сынып оқушылары Ақтөбе рельс-арқалық зауытына экскурсияға барып, өндірістік процестермен және де теміржол инфрақұрылымының маңызды элементтері қалай жасалатынымен танысты.

Экскурсия зауыттың конференц-залында кіріспе дәрісінен басталды. Зауыт қызметкері оқушыларға зауыттың тарихы, оның ел экономикасындағы маңызы және рельстер мен болат балкалар өндірісінде қолданылатын заманауи технологиялар туралы айтып берді. Оқушылар зауыт өнімдерінің тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерге де экспортталатынын білді.

Одан кейін оқушылар қорғаныс каскалары мен арнайы жилеттерін киіп, өндірістік цехқа шықты. Алғашқы аялдама – әдістемелік пеш учаскесі. Мұнда экскурсовод оларды пеште қыздырылған үздіксіз құйылған болаттан рельс өндірісі қалай басталатынын түсіндірді. Оқушылар рельс өндірісінің алғашқы кезеңдерін қызығушылықпен бақылап отырды.

Келесі кезең – прокат цехы, мұнда болаттан дайындалған бұйымдар рельске айналады. Жұмысшылар үлкен станоктарда қызған металлды өңдеп, оны қажетті өлшемдерге келтіреді. Оқушылар өндіріс ауқымына және металлдың икемді болу үшін қаншалықты жоғары температурада қыздырылатынына таңғалды.

Арнайы назарды термиялық өңдеу учаскесі тартты. Мұнда оқушыларға рельстердің қатайтылу процесі көрсетілді, бұл оларды пайдалану кезінде үлкен жүктемелерге шыдас беретіндей етіп өңдеуге мүмкіндік береді. Зауыт мамандары бұл өңдеу рельстердің деформацияға төзімділігін арттырып, олардың қызмет мерзімін ұзартатынын түсіндірді.

Экскурсияның соңында оқушыларды сапа бақылау зертханасына апарды. Мұнда оларға дайын өнімнің беріктігін, тозуға төзімділігін және халықаралық стандарттарға сәйкестігін тексеру процесі көрсетілді. Инженерлер қазіргі диагностика әдістері мен теміржол қауіпсіздігі үшін сапа бақылауының маңыздылығы туралы әңгімеледі.

Іс-шараның соңында оқушылар зауыт жұмысы, қажетті мамандықтар және металлургия саласындағы мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы көптеген сұрақтар қойды. Экскурсия тек білім беру ғана емес, сонымен қатар ынталандырушы болды, өйткені көптеген балалар өнеркәсіп пен технология саласында болашақ мамандықтары туралы ойлай бастады.

Ашық есік күні аясында өңір басшысы мен облыс прокуроры Ақтөбе облысының кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

Шақырылған қонақтардың арасында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС, «Казхром» ТҰК» АҚ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ сияқты ірі кәсіпорындардың өкілдері болды. Аталған кездесу бизнес пен инвесторлардың мүдделерін қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Осы іс-шара барысында кәсіпкерлерге құқықтық қолдау көрсету, өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту және олардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету сияқты тақырыптары қозғалды. Кездесу билік пен бизнес қауымдастық өкілдері арасындағы сындарлы диалог пен пікір алмасудың тиімді алаңына айналды.