MinTech -2024

2024 жылдың 17 қазанында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-не «MinTech -2024» @kazexpo_tech – тау-кен өндіру, металлургия және энергетика өнеркәсібінің салаларына арналған жабдықтар мен технологиялардың халықаралық көрмесінің қатысушылары келді. Қатысушылар бірлескен кездесу барысында ТПБАЖ, БӨАжА, еңбекті қорғау және экология бөлігінде тәжірибемен алмасты, сонымен қатар инновацияларды енгізу мәселелері талқыланды.

«АРБЗ» ЖШС ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ АТТЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

Акцияның негізгі мақсаты – әлем халқын қалдықтарды дұрыс кәдеге жаратуға қатысты қоғамда ұзақ мерзімді мінез-құлқыны қалыптастыруды ынталандыру.

Ұйымдастырушылар @aktobe_ecologia және Дүниежүзілік тазалық күніне қатысып, планетамызды таза ұстауға көмектескендердің барлық жандарға алғыс айтамыз!!!

«АРБЗ» ЖШС әлемдегі ең ірі 14-ші «InnoTrans 2024» көлік технологиялары көрмесіне қатысты

Олжас Бектенов Ақтөбе рельс-арқалық зауытының өндірістік қуатымен танысты.

Премьер-Министр Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өнеркәсіптік бірқатар кәсіпорынның өндірістік қуатымен танысып, олардың мысалында отандық бизнесті қолдау шараларының тиімділігін және Жолдауда Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің жүзеге асырылу барысын тексерді.

Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, көлік-логистика саласы мен АӨК назарға алынды.

Олжас Бектенов Ақтөбе рельс-арқалық зауытының өндірістік қуатымен танысты. Кәсіпорын жылына 430 мың тоннаға дейін: темір жол рельстері мен пішінді илек өнімдерінің кең номенклатурасы мен арнайы профильдер және басқа да өнімдер шығарады. Зауытта рельстерді термоберіктеудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін инновациялық технология қолданылады. Өндірілген өнім еліміздің темір жол құрылысында пайдаланылады, сондай-ақ Түркия, ТМД елдері, Эстония, Латвияға экспортталады.

«АРБЗ» ЖШС жұмыскерлердің балалары үшін Кәсіпорын бойынша жоспарланған екінші экскурсия өтті. Келген жас қонақтарға «АРБЗ» ЖШС өнімдерін шығару процесі көрсетілді, балалар ерекше қуанып, тамаша әсер алды.

Металлург күні құтты болсын!

«Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС қызметкерлері балалары үшін кәсіпорын бойынша саяхат жасалды

«Металлургтер күні» кәсіби мерекесі қарсаңында «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС қызметкерлері балалары үшін саяхат ұйымдастырылды. Мұндай саяхат бірінші рет жүзеге асырылды. Саяхат кезінде балалар өздерінің ата-аналары жұмыс істейтін кәсіпорынмен ғана емес, сонымен қатар, «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС өнімдері өндірісінің технологиялық процесімен де танысты.

Саяхат басталар алдында жеткіншектерге кәсіпорын туралы бейне түсірілім көрсетіліп, қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау жүргізілді және қажетті дербес қорғаныс құралдары берілді.

Олар бірінші вальцетокарлық шеберханада болып, балалар заманауи құрал-жабдықтармен және өндіріске дайындық процесімен танысты, содан кейін «зауыттың жүрегі» саналатын рельс-арқалық цехына келді.

Саяхат кезінде балаларға әдістемелік пеш пен ыстық төсеме баспасы, сондай-ақ рельстерді дайындау процесі көрсетілді. Рельстік және фасондық өнімдер өндірісінің негізгі принциптері мен кезеңдері туралы айтылды.  

Одан әрі балаларға рельс-арқалық цехының дайын болған өнімдері көрсетілді. Сондай-ақ, олар қосалқы цехты көріп, балаларға зауыт ішіндегі бұл цехтардың өзара әрекеті процесі туралы айтылды.

Біздің кішкентай қонақтарымыз біздің кәсіпорынның өте тамаша көріктендірілуін, сондай-ақ өндірістің экологиялық тазалығын атап көрсетті.

Біздің балғын қонақтарымыздың, сондай-ақ өздерінің болашақ мамандықтарын анықтап үлгерген ересек балалардың барлық сұрақтары біздің біліктілігі жоғары мамандарымыздың назарынан тыс қалған жоқ. Саяхат аяқталғаннан кейін жас қонақтар «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-ның асханасында болып, тәтті тоқаштар мен компоттан дәм татты.

Осы жылдың шілде айында Мәжіліс депутаттары мен фракция мүшелері «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-не барып, Кәсіпорын жұмыскерлермен кездесу өткізді.

Осы жылдың шілде айында Мәжіліс депутаттары мен фракция мүшелері «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-не барып, Кәсіпорын жұмыскерлермен кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – жақында қабылданған заңнамалық актілердің маңызыдылығы туралы толық ақпарат беру болды.

Негізгі бекітілген заңдардың қатарында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, құмарлық ойынға қарсы күрес және басқа да сұрақтар. Мәжіліс депутаттары букмерлік кеңселер мен казиноларға қойылған талаптарды күшейтті.   Кездесу барысында Кәсіпорын қызметкерлері депутаттарға қалалық ортаны абаттандыруға, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, адамдарды әлеуметтік қорғауға және т.б. қатысты сұрақтар қойды. Мәжіліс депутаттары мен фракция мүшелері барлық қойылған сұрақтарды тыңдап, жоғарыда аталған салаларда жүріп жатқан іс-шаралар туралы толық жауап берді.

Астана күні құтты болсын!

Көктем – тазалық пен сұлулықты орнатудың дәстүрлі уақыты, ал сенбілік – Ақтөбе рельс-арқалық зауытында қалыптасып келе жатқан жыл сайынғы жақсы дәстүр.

Кәсіпорын аймағындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту аясында жалпызауыттық сенбіліктер өткізілді. Аймақты абаттандыру мақсатында «АРБЗ» ЖШС басшылығы мен барлық бөлімшелердің қызметкерлері осы шараға жұмылдырылды. Жыл сайынғы сенбіліктер өткізу – бұл аймақты абаттандыру және тазарту бойынша ұйымдастырылатын іс-шара ғана емес, сонымен қатар ұжымды біріктіруге және Кәсіпорын жұмыскерлерінің әлеуметтік жауапкершілігін одан әрі арттыруға бағытталған тамаша мүмкіндік болып табылады.